ДК: Ардақты тұлға, тыл ардагері Қазез Бұзаукин - 90 жаста. Қос ғасырдың куәгері ел басына күн туғанда ерлікпен еселі еңбек етіп, елдің алғысын арқалаған. Қара жұмысқа жегіліп, саналы ғұмырын бүгінгі толқынның болашағы үшін сарп еткен ардагермен әріптесіміз Жансұлу Жиенқұл тілдесіп қайтты. 

РКС: Соғыстың қиын кезеңінде еңбектің ащы дәмін, заманының тауқыметін  тартқан Қазез ата Ақмола өңірінде 13 жасынан бастап өгіз айдаған. Бұғанасы қатпаған жасөспірім тылдағы еңбекке ерте араласқан.

СНХ: ҚАЗЕЗ БҰЗАУКИН, ТЫЛ АРДАГЕРІ///қаз.///00:18///Оқу оқытпады. Әкем соғысқа барып келді. Ағам соғыста қаза тапты. Сосын маған бастық келіп, Лбанға оқуға баршы деді. Бұрын прицепщик боп істегем. Орысша білмеймін онда. Бір Шмидт деген неміс болды. Мен қазақша айтам, ол перевод жасайды. +++скл+++ 03:51 Соғыстың зардабы қатты тиді. Көп қиналдым.

РКС: Ардагердің жары Гүлнәзия Бұзаукинаның айтуынша, еңбекке ерте араласқан жарының бір сәт те қол қусырып отырған сәті болмағанын айтады.

СНХ:ГҮЛНӘЗИЯ БҰЗАУКИНА, ТЫЛ АРДАГЕРІНІҢ ЖАРЫ///қаз.///06:17 Атаң еңбектен бір қол үзген емес. Түн, күн болсын совхоз қайда жұмсайды, сонда барды.Тракторист болды, сосын комбайн штурвалына отырды. Аянбай еңбек етті. Соған риза болам мен. Шаршадым деп айтпайтын.

РКС: Қазір құрмет пен қошеметке бөленген қария бала кезінде соғыс жылдарындағы тауқыметті көп көрген. Тәрбиелеп өсірген 8 баласының әрқайсысы өз алдына отбасылы болып, ғұмыр кешіп жатыр.

СНХ:ДИНА АЙТМАҒАНБЕТОВА, ҚЫЗЫ///қаз./// Папам ылғи комбайнер, атақты механизатор болды. Бала кезімізде бұл кісіні көрмейміз. Таңғы 6-дан кетеді, түнгі 3 уақытында келеді. Онда баламыз, бәріміз ұйықтап жатамыз.

СНХ: АЙГЕРІМ МҰСАБЕКОВА, НЕМЕРЕСІ///қаз./// 02:22 Атамыз енді кішкене қатал болатын. Бірақ ол өмірдің өзінің қиыншылығын көргеннен деп ойлаймыз. Бірақ ешқашан да атаға ренжіген емеспіз. Атамызды жақсы көерміз. Оның ылғи айтатын сөзі адал бол деген. Мен өзім адал болдым, сендер де адал болыңдар деп үйреткен.

РКС: Қазез ата болса, балаларының ортасында немерелері мен шөберелерін құшарлана сүйіп, жастардың ғұмырында мұндай тауқымет болмасын деген тілекте. Ұлы жеңіске тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор. Хас батыр Бауыржан Момышұлы  айтқандай: «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» .

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ