ДК:Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын іске қосты. Жуық арада бұл қосымшаның кәсіпкерлерге арналған «E-Salyq business» нұсқасы да қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Мұндай қосымша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, жемқорлық тәуекелін жояды.
РКС: «E-Salyq Azamat» қосымшасы тұрғындардың көлігі, пәтері, меншігіндегі жер теліміне жыл сайын салынатын мүлік салығын бақылауға, бизнес өкілдерінің өз кірістері туралы мәліметтерін онлайн түзетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша арқылы азаматтардың жалақысынан ұсталатын табыс салығын есептеуге, салық әмиянын толтыруға болады.
СНХ: ЖАНАР СҰЛТАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ///қазақша///орысша//// Бұл қосымшада салық төлеушілерге арналған түрлі мүмкіндіктер бар. Мысалы салық берешегін тексеріп, төлемдерді комиссиясыз төлеуге болады. 250 нысанды формасын тапсыруға болады. Активтер мен жылжымайтын мүлік, көлік салықтанын тексеріп, солардың берешектері бар ма жоқ па соны біліп, қажет болса қате есептелген соммаларды түзетуге болады.
РКС: Қазірдің өзінде мобильді қосымшаны 19 мың ақмолалық көшіріп үлгерген. Олардың бірі белгілі айтыскер ақын – Әлібек Серғалиев. Жеке кәсіпкерлік қызметі барысында салық төлеудің қиындықтарымен бетпе-бет келген өнерпаз мобильді қосымшаның қызметіне көңілі толғанын айтады.
СНХ: ӘЛІБЕК СЕРҒАЛИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///қазақша/// Бұл бағдарлама туралы жуырда ғана білдім. Жолдас жігіт түсіндіріп берді. Қарыздарымның себебінен банк картасы бұғатталып қалған болатын. Анда барам, мында барам, сол кезде жаңағы жолдас жігіт айтты, осы бағдарламаны көшіріп алсаң болды деп. Еш қиындығы жоқ. ИИН-іңізді ғана жазады екенсіз, болды. Барлық қарызыңыз, немесе жасап қойған переплатаңыз болса, Үкіметтің қарызын өзіңізге қайтарып алуға болатын өте тиімді бағдарлама.
РКС: Қосымша арқылы жылжымайтын мүлік немесе көлігін сатқан азаматтар ескі ақпаратты түзетуге тапсырыс бере алады. Салық мамандары бұл қосымшаны автокөлік жүргізушілері белсенді қолданады деген үмітте. Себебі, өңірде 12 мың тұрғын былтырдан қалған көлік салығын өтемепті.
АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».