ДК:  Қазақ әдебиетіндегі тағы бір орны толмас қаза.  Таңдайымен тасқа ойып таңба салған, сөз сүлейлерінің бірі Есенғали Раушанов өмірден озды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты  атанған белгілі жазушы небәрі  64 жасында бұл фәнимен қоштасты.  Мезгілсіз қазаға қабырғалары қайысқан жергілікті жазушылар да барша Алаш жұртына көңіл айтты.

ЕСТ.ШУМ: «ҚАРАБАУЫР ҚАСҚАЛДАҚ»  ӘНІ

 (https://www.youtube.com/watch?v=2vSOTS-OOh0)

РКС: Қазақтың қара бауыр қасқалдағы. Бұл ән шырқалған кезде ойға еріксіз ақын есімі оралады.  Кешегі Алматы алаңында боздақтардың рухын көтеріп, жігер берген бұл әнді білмейтін қазақ кемде-кем. Ал, сол халықтың көзайымына айналған әннің авторы – Есенғали Раушанов еді.

https://www.youtube.com/watch?v=EZSS4vwc8kA

СНХ: ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ, АҚЫН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» СЫЙЛЫҚТАРЫНЫҢ ИЕГЕРІ:///Сол құс кішкентай ғана өзі. Өзінің туған айдынын сұмдық жақсы көреді. Тіпті, қақаған қыста қараңызшы сіз сол айдында жүреді. Ал, сіз біз мақтайтын аққу, ләйлек, тегелектің ешбірі қалмайды. Жылы жаққа ұшып кетеді. Ал, қазақтың қара бауыр қасқалдағы өз маңдайы қасқа болады, сол көлінде қалады.

РКС: Иә, бұл ән кездегі халықтың әнұранына айналды десек, артық болмас. Сондай –ақ, бұл өлең ақын шығармашылығын да жандандырып, есімін айшықтай түсті.

СНХ: АЯН ҚАЖЫБАЙ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///Есенғали Раушановтың бірден бір өлеңі, оның негізгі кретасы, Есенғалиді Есенғали қылған ол «Қарабауыр қасқалдақ еді». Осы әнмен 1980 жылдарында қазақтың намысы езіліп, өр рухы шықпай жатқан жастар қанына қажыр, қайсар берді. Жалпы Есенғалидің 60-70 жылдардағы аға буынанн келген, алыптар тобынан кейінгі шыққан өзіндік қолтанбасы бар. Оның өлеңдері өзінің күрделенуінен, мифопоетикасымен баурап алады. Қазіргі таңда қателеспесем, осы Есенғали Раушановтың шығармашылық хақында 10 ғылыми кандитаттық диссертация қорғалды.

РКС: Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. Көп жылдар әртүрлі басылым, баспаларда түрлі қызмет атқарған. Оның өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Артына өшпес мұра қалдырған Есенғали ақынның қазасы көп қаламдас серіктерін есеңгіретіп тастады. Жергілікті қаламгерлер де дүйім қазақ елініне қайғыра көңіл айтты.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, АҚЫН, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//қазақша/// Бүгін қазақ әдебиетінің аспаны қара жамылды. Орны толмайтын қаза. Көкшетаудың ақындары бәрі қайғырып, барлық қаламгерлерге, барша Маңғыстау жұртшылығына көңіл айтады. Есенғали Раушанов әдебиеттің үлкен бір белесе еді, бой түзейтін еңсесі еді. Біз қалам тартып ақындыққа бағыт алған кезімізде бізге ақыл айтушы үлкен ағаларымыз Есенғалиді оқы алдымен деп бағыт беруші еді.

РКС: Айталық, ақынның ең алғашқы жыр жинағы 1980 жылы «Бастау» деген атпен жарық көрген. Одан кейін, «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі», «Қарабауыр қасқалдақ» атты бірнеше кітаптары шықты. Міне, қаламгердің осы туындылары бүгінде бар Қазақстанға тарап, кітапхана сөрелерінен ойып тұрып орын алады. Ал, ақын атын ұмытпай, одан әрі ұлықтау жас ұрпақтың еншісінде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ