ДК: 2 сәуір – балаларға арналған халықаралық кітап күні. Бұл мереке 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі. Ол балалар және ересектерге арналған ертегілердің авторы. Андерсеннің «Түймеқыз», «Патшаның жаңа көйлегі», «Жабайы аққулар», «Ұшақ-сандық», «Жауыз патша» сынды ертегілері әлем бойынша танымал. Ертегішінің көптеген ертегілері анимацияланып, эфирде көрсетілген. Атаулы күнге орай бірқатар елде «Балалар мен жасөспірімдер кітабы» апталығы өткізіледі.
РКС: Баянғали Әлімжанов – балаларға арналған көптеген ертегі, өлең, пьесалардың авторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері балғындарға арнап «Жанай мен ай», «Жалмауызды жеңген бала», «Өлең-Әліппе», «Шыршадағы шытырман», «Ән салатын әліппе» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Оның «Мейірімді Асқар» атты ертегісі қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде жеке кітап болып басылды. Сондай-ақ, көптеген ертегілері көрші Ресей елінің танымал газет беттерінде де жарияланды. Балаларға арналған бірқатар туындысының желісі бойынша пьесалар театр сахнасында да қойылды. «Бала, бала, балдырған», «Атам мен әжем» атты ән-өлеңдері – бірқатар мектеп оқушыларының сүйікті әніне айналды.
СНХ: БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ///қаз///Биыл «Балалар әдебиетінің жылы» деп жарияланды. Енді «Үлкеннің мыңына бөлгенше, баланың біріне» бер дейді. Сол балаларға арналған біраз өлеңдер жаздық енді.+скл+ Қалай болғанда да біз балаларға біз бүгінгі заманғы әдебиет, бүгінгі заманға лайықты шығармалар жазып беруіміз керек. Олар және өзінің оқығанын түсініп оқу керек. Ол жақсы көріп оқу керек. Ол сонда өзінің ана тілін сүйеді. Баланың санасы аппақ қағаз секілді. Оған алғашқы қандай өзінің тілінде, өзінің ана тілінде, өзінің ана тілінің сөзі жазылуы керек.
РКС: Ал, биылғы жылдың Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялануы ақын-жазушыларға біршама жауапкершілік жүктегендей,- дейді Серік Жетпісқалиев.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ///қаз///Бала тәрбиелеудің, баланы қалыптастырудың үлкен бір жолы, әрине, ол әдебиет, балалар әдебиеті. Балалар әдебиетіне ат салысып жүрмін менде. Екі кітабым шыққан. Тағы да жазып жүрмін. Әсіресе, осы жыл жарияланғаннан кейін ықпалы болмай жатқан жоқ. Бастап жазғаннан кейін, не жазып жатырмын, неге тоқтап қалдым, қандай үлес қосам деген мәселе, әрине, толғандырады. Сол себепті жаңадан жазып жүрмін. Жазғандарымды республикалық журналдарға жолдап жүрмін. Өзіміздің «Көкшетау» газетінде бірнеше әңгімем жарияланды. Балаларға арналған әдебиетті оқытуға, балардың оқытуына қызықтыруға біз үлкендер міндеттіміз.
РКС: М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасында балаларға арналған 11 мың кітап бар. Оның 30 проценті мемлекеттік тілдегі шығармалар. Оқушылардың тоқсанаралық демалыс кезінде кітапханағы келуі жиілігі біршама арта түскен. Мәселен, бір айдың өзінде 26 мың бала келіп, 56 мыңға жуық кітап қолға берілген.
СНХ: НӘЗИРА ТӘШКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ///қаз///Қиындық тудыратыны 5 жастап бастап 12 жасқа дейін біздің отандық жазушылардың кітаптары кішкене азырақтау. Ал, енді 12-ден 14 жасқа дейін, мысалы, Сәбит Мұқановтыкін оқи алады әрі қарай. Жас аралығына байланысты. Осы 7 мен 12 жас аралығына ұсынысымыз кітаптар қызықтырақ, қазақ тілнде шықса жақсы болар еді.
РКС: Сондай-ақ, алдағы уақытта облыстық кітапхана мамандарының айтуынша, балаларға арналған кітаптардың аудиожазбалары да жарық көрмек.
ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ