ДК: «Елімізде балалардың 16-20 проценті бос уақытын әлеуметтік желіде өткізеді», - дейді бала құқығын қорғаушылар..  Ал оның пайдасы мен зияны туралы қоғам пікірі екіге бөлінеді.

РКС: Ұялы байланыс нарығын тоқсандық зерттеу кезінде 16-29 жас аралығындағы жастардың көп қолданатыны мәлім болды. Елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 проценті деген сөз.

СНХ:  ТЕМІРЛАН БАЛАБЕК, ЖАС БЛОГЕР        (00.41-01.02)

Елімізде интернетке кірмейтін адам жоқ, яғни оның пайдасы зор. Адамдардың 90 проценті интернетті пайдаланады. Күніне 1 сағаттан кем отырмайтыны анық. Мен мысалы блогермін. Өзіме реклама жасап, қаражат тауып жүрмін.Және де өзіме жаңа орта таптым.

СНХ:ЛЕЙЛА ЮСУПОВА, TIK-TOK ЖЕЛІСІНІҢ ҚОЛДАНУШЫСЫ (00.43-00.58)                                        

Қазіргі таңда тикток өте жақсы дамыған.Тиктоктың арқасында мен танымал болдым, көптеген адам мені таниды.Және де мен тиктокпен реклама жасап, өзімді қамтамасыз етемін.

РКС: Интернет-нашақорлықтың кемінде 3 субтитрі анықталды: бейне ойынға тәуелділік, кибершейіс және құмар ойындарға тәуелділік.Бұл дертті емдеу туралы білімі бар психологтар көмектесе алады.

СНХ:  АЙДАНА МҰРАТҚЫЗЫ, «ДОСТЫҚ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГІ(00.06-01.00)///Қазіргі таңда әлеуметтік желінің, компьютердің,ұялы телефонның пайдасы мен зияның айтатын болсам.Ғаламтор желісінің пайдасы бұл балалардың олйлау қабілетіне арналған әртүрлі жаттығуларды, видеороликтерді әлеуметтік желіден көруге болады. Ал оны пайдаға асыру үшін ата-ананың рөлі үлкен рөл атқарады. Ал зиянды жақтарын айта кететін болсам. Бұл балалардың әртүрлі мінез шығаруы, ғаламтор желісінде көп отырғандықтан, ата-ананың қадағалауынсыз қалғандықтан баланың ашушаң мінездері, агрессиясы, ұйқысы қанбауы, есте сақтауы, есте сақтау қабілеттерінің нашарлауы осыдан пайда болады.

РКС: Елімізде аталған мәселе ресми түрде медициналық ауру ретінде тіркелмесе де, әлеуметтік дерттің бары анық. Осы орайда «Жас ұлан» ұйымы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алуға қатысты жоба әзірледі. Оның  аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта  интернетке тәуелділіктің елдегі  жағдайын анықтау мақсатында кеңауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілетінін атап өту керек.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЯГҮЛ БОРАНБАЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ