ДК: 15 наурыз – жайлау күні.  Дәл осы күні табиғат анаға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни,  тұрғындар көшет егіп, қоқыстан тазарту шаралары  ұйымдастырылады.  Десе де, Арқаға кеш келетін көктем мезгілі бұл игілікті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермесі анық. Дегенмен, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталатын бұл мерекенің мәні мен маңызы зор.

РКС: Бұл Көкшетаудың жайлауы. Қаланың шеткерітұсында орналасқан шағын аудан. Аты айтып тұрғандай, айнала жазық дала, көзге бірден түсетін, басын қар басқан қыраттар. Рәшида апай  «Жайлауда» 10 жылға жуық тұрады. Қалаға көшіп келген қарт әжей бірден осы ауданнан қоныс тепкен. Оған себеп, у-шу аз, шаң, тозаң жоқ,-дейді.

СНХ: РӘШИДА ШАЯХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///қаз//Жайлау жақсы жер болған соң қызығып келдік. Ауасы таза. Біздерге ұнайды. Сол үшін көшіп келдік. +скл+Иә, жаз келсе мынау орманға шығып тұрамыз. Қызым апарады. Жидек шыққанда жидек тереміз. Орманда отырып тамақ ішіп, ойнап күлеміз. Біз келгелі көп үйлер салынды. 50-ден астам үйлер салынған шығар.

РКС: Жайлау – жазғы қоныс. Әуелден қазақтар жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдаған. Яғни, қытымыр қыстан қысылмай шыққан бұқара дәл осы жайлауға шыққан күндерін үлкен қуанышқа балап, той жасаған деседі.

СНХ: АЛТАЙ НҰРҚАСЫМОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ///қаз/// Аталарымыз малды бағуды, оның жан-жақты күтудің ерекше сырын білген. Яғни, қазақтың жері кең ғой. Сондықтан олар малды жазды күні жайлауға жіберетін. Ол жайлау елден алыс болатын. Сол жерге киіз үй құрып, малды сол жерге апарып, жайлауға шыққандарына үлкен той жасайтын. Қыз-келіншектер  ән айтатын, аталарымыз бата беретін. +скл+Наурыз айында ақсақалдар қазақ айтады ғой, бұлақ көрсең көзін аш деп. Сол бұлақтың көзін ашып, басына ақ бүркеді. Одан қалса, ағаш отырғызады.

РКС: Бір тал кессең он тал ек. Халықтың осы даналығы бүгінде өз маңыздылығын жойған емес. Айта кету керек, көптеген игі іске мұрындық болған Ұлыстың ұлы күні былтырдан бастап жаңаша форматта тойланып келеді. Яғни,9 күнге жоспарланған мерекенің 6 күні дайындық болса, 3 күні ресми мейрам. Көрісу күнімен басталған ұлық мереке, жайлау, шежіре күндерімен жалғасын таппақ.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,«КӨКШЕ-АҚПАРАТ»