ДИКТОР: Ақпанның құбылмалы ауа райы Арқаның табиғатына жат. Жылдағыдай боран болатын шақта қардың еріп, ертесіне қайта қатуы ауыл жұртшылығына оңайға түспей тұр. Әсіресе, мұндай шақ қыста далада тебіндейтін жылқылар үшін тіпті қиын көрінеді.
РКС: Жаннат Басжанов Бурабайдың бөктеріндегі Қымызынай ауылында ата кәсіп жылқы шаруашылығын қолға алып, аймаққа өз брендімен қымыз өндіріп отырған кәсіпкер. Алғашында 2 биеден бастаған жылқышы бүгінде екі үйір жылқыны иіріп отыр. Жаннаттың айтуынша, жылқының өсіп-өнуі жаздық өрісін, қыстық тебінін тауып, дұрыс баптауға байланысты. Әсіресе, бие құлындауға жақындап, суалған кезде жылқышы қырағы болуы керек.
СНХ: ЖАННАТ БАСЖАНОВ, «ТҰЙҒЫН» ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:///02280003 02:40 Қазір биелердің құлыны көлденең түскен уақыт. Құлындауға жақын кездері. Сондықтан да таңертеңнен кешке дейін шамамыз келгенше қадағалаймыз. Өйткені биелер құлындап қалуы әбден мүмкін. Қардың үстіне, түнде аяздар болса, үсіп қалады, құлынға суық тиеді. Өкпелеріне, ішкі құрылыстарына суық тисе, құлын ауру болып, қиын болады.
СТЭНД-АП, АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Арқаның ақпаны биыл жылқышыларға оңайға түспей тұр. Себебі жер біресе еріп, енді бірде аязданып, жер бетін мұз басты. Осындайда буаз биелердің құлын тастап кету қаупі жоғары. Сондықтан, жылқыны оның тұяғынан қатты адам ғана баға алады деген нақыл сөз осыдан қалса керек. + 03:17 Жылқышылар сондықтан үйірден көз жазып қалмауға тырысады.
СНХ: ЖАННАТ БАСЖАНОВ, «ТҰЙҒЫН» ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// 02280003 00:25///Осындай жылдар арасында болып тұрады енді. Високосный год. +скл Былтыр мысалы ақпан айында жаңбыр жауып кеткен. Ол жылқыға өте қиын болды. Өйткені, шөптің үстіңгі қабыршықтары мұзға оранып, жылқы соны жегенде құлын тастап кетуі әбден мүмкін. Қазіргі мынау еріп-қатып жатқаны да соған жақын.
РКС: Төрт түліктің ішінде тебіндеп жайылатыны - жылқы. Қыста өз азығын тұяғымен тарпып табатын жануарға мұз басқан тебіннің кеселі көп көрінеді. Жылқы әдетте күн көтерілгенде тебіндеген шұңқырға жата кетеді. Ол жер мұз болса, қайта тұра алмай, үйелеп қалады. Ал қар қауып, астындағы шөбін жеген кезде онымен бірге мұз жұтып қойса, буаз билердің құлыны түсіп қалады екен. Осылайша ақпанның әдетінен тайып жылынуы мал төлдейтін шақта жұт әкелмесе игі еді, -дейді жылқышы.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ