ДИКТОР: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде инфекциялық аурулардың таралу деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. Жыл басынан бері облыс аумағында аса қауіпті инфекциялар тіркелмеген. Сондай-ақ, екпемен басқарылатын аурулардың өсу фактілері де анықталған жоқ.

РКС: Көкжөтелмен сырқаттану деңгейі бес еседен астам, ал қызылшамен сырқаттану төрт есеге жуық төмендеді. Жыл басынан бері қызылшаның 225 жағдайы тіркелді, оның 170-тен астамы – балалар арасында. Маңыздысы, науқастардың басым көпшілігі екпе алмағандар

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 173 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 8 жағдай – жасөспірімдерде, ал 44 жағдай – ересектер арасында анықталды. 100 мың халыққа шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 28,9-ды құрады. Барлық науқастардың 91,3 проценті, яғни 159 адам – екпе алмағандар.

РКС: Күзгі маусым басталғалы өңірде 16 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы екпе алды. Егу жұмыстары ресейлік «Гриппол+» вакцинасымен жүргізілуде. Оның құрамында алдағы маусымда таралуы ықтимал вирустың өзекті штамдары қамтылған.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қыркүйектің 26-сы мен қазанның 1-і аралығында облыс аумағында жіті респираторлық вирустық инфекцияның 4884 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сырқаттанушылық деңгейі 2,6 есеге артқан. Қазір өңірде тұмау жағдайлары тіркелмеген. Ал қыркүйектің 1-інен 30-ына дейінгі аралықта облыс бойынша барлығы 21 мыңнан астам — жедел респираторлық-вирустық инфекция жағдайы анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары көрсеткіш.

РКС: Сонымен қатар, дәрігерлер соңғы апталарда тері мен ішек инфекцияларының аздап өскенін айтады. Әсіресе қышыма мен дерматомикоз секілді аурулар жиі тіркелуде. Мамандар бұл жағдайды маусымдық өзгерістермен және халықтың алдын алу шараларына салғырт қарауымен байланыстырады. Ал өңірде иммунопрофилактика мәселелері тұрақты бақылауда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық вакцинация штабының апта сайынғы отырыстарында қаралады. Штаб отырыстарына облыс әкімінің орынбасары төрағалық етіп, екпе науқанының барысы мен халықты қамту деңгейі талқыланады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ