ДК: Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. Исі қазаққа «Тақиялы періште» немесе Тайлақ атымен танылған білікті актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков өмірден озды. Аса көрнекті дарын иесі 85-ке қараған шағында коронавирус індетінің құрбаны атанды.
РКС: Шәкен Аймановтың әйгілі осы фильмін көрмеген қазақ кемде-кем шығар. Баласына шарқ ұрып жар іздеген ана, туған күніне тақия алған бала. Осынау үйлесімді қойылымдар көптеген көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алғаны шындық. Аты аңызға айналған фильмге Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Ермек Серкебаев сынды қазақтың біртуар алыптары түсті. Ал, ең басты рөлді Алматы облысындағы колхоздардың бірінде механизаторы болып істеп жүрген Әлімғазы Райымбеков сомдайды.
СНХ: ӘЛІМҒАЗЫ РАЙЫМБЕКОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ//қаз///Кездейсоқ Шәкен аға осы киноға түсуге шақырды. Әмина апаммен жолықтым. Апамның бір сөзі бар еді Шәкен ағама қарап «ой аға мынаны қайдан таптың деп еді». Сол кезде Шәкен аға уайымдама, осы рөлді алып шығады деп еді.+скл+Екі алыптың арасында қалай жаман ойнаймын? Тырыстым. Сценарийді жаттадым. Оқыдым. Бойыма сіңірдім.
РКС: Осылайша, қарапайым көлік жүргізушісі өзінің алғашқы рөлін жоғары деңгейде ойнап шығады. Тайлақ рөлі арқылы әртістің бағы жанып, атағын аспандатты.
РКС: Өнер иесі 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Жасынан еңбекке араласып, совхозда жұмыс істейді. Ал, «Тақиялы періште» филімінен кейін көптеген Отандық киноларға шақырту алады. Белгілі әртіс осы уақытқа дейін 13 фильмге түскен. Шоқтығы биік рөлдерінің тағы бірі Қажымұқан бейнесі.
СНХ: ӘЛІМҒАЗЫ РАЙЫМБЕКОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ//қаз/// Әзербайжан Мәмбетов Қоянды жәрмеңкесін түсіргенде мен Қажымұқанның рөлін сомдадым. Қазақ кино тарихында Қажымұқан атамды бірінші сомдаған мен. Спорттың арқасында Қажымұқан жүлдесін ұтып алдым.
РКС: Сұңғақ бойы, кең иықты, тау тұлғалы әртіс бейнесі шынымен Қажымұқан рөліне саяды. Тағы бір ақпарат. Әлімғазы Райымбеков «Тақиялы періште» киносына бойдақ бейнесін сомдағанда, үйінде аяулы жан жары мен 4 баласы болғанын бірі білсе, бірі білмейді.
РКС: Иә, кино саласының жарық жұлдызы үйде сүйікті жар, асқар тау әке, ардақты ата атанған. 10 баласынан бүгінде 20 немере мен 7 шөбере сүйген. Тақиялы періште кейпінде көпшіліктің қошеметіне бөленген әртістің елі үшін еткен еңбегі мен төккен тері ұлықтала берері сөзсіз.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ