ДИКТОР: 23 қараша - Қазақстанда жол полициясы күні. Күн сайын жол қозғалысының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға патрульдік полицияның 72 экипажы шығады. Облыстық бөлімшелерде бес жүзден астам қызметкер еңбек етеді.
СНХ: ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///аударма///Күн сайын облыстың автожолдарындағы қауіпсіздікті бақылауға саптық бөлімшелердің 144 қызметкері жолға шығады. Республикалық маңызы бар жолда екі ауысымдық кесте бойынша 24 автопатруль қызмет етеді. Қалғандары жергілікті маңызы бар жолдар мен облыс орталығына шығады.
РКС: Қайрат Шүкібаев-жол полициясындағы белді қызметкерлердің бірі. Отыз жылдан астам уақыт ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді.
СНХ: ҚАЙРАТ ШҮКІБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Қызметімді жол патрульдік батальонының инспекторы болып бастадым. Мен үшін бұл жұмыс ең алдымен Отан алдындағы парыз, заңдарды мүлтіксіз орындау, азаматтарды қорғау. Менімен бірге жұмыс істегендердің көпшілігі қазір зейнет демалысында. Солардың бірі - Ғалымжан Достанбекұлы Қайыпов. Жұмыстың қыр-сырына сол кісі баулыды. Мен жұмысқа келген кезде ол сержант болатын. Менің тәлімгерім болды. Бұрынғы взвод командирі Әділ Мусиновтен де көп нәрсені үйрендім.
РКС: Патрульдердің жұмысы әсіресе, қаланың ішінде тым қауырт. Мұнда үлкен жауапкершілік, ұқыптылық, жедел әрекет қажет.
РКС: Полиция лейтенанты Ерлан Дулатов ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқанына 6 жыл. Болашағынан зор үміт күттіретін қызметкер. Қазіргі таңда Ерлан патрульдік полиция батальонының инспекторы болып еңбек етуде.
СНХ: ЕРЛАН ДУЛАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ///аударма///Өзіңнің учаскеңде қылмысң орын алуына жол бермеу, сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Қызметкер азаматтармен сөйлескенде жауапкершілікті сезінуі тиіс. Сыпайы болу ең басты принципке айналуы керек. Ұйымдастырылатын іс-шаралардың заңдылығын сақтау да аса маңызды. Әр қызметкер өзінің лауазымдық міндетін білуі керек.
РКС: Қазіргідей эпиджағдай қалыптасқан кезеңде патрульдік полиция қызметкерлеріне артылып отырған міндеттің жүгі тіптен ауыр. Ең бастысы – жолдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.