ДИКТОР: «Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы». Облыстық әдебиет және өнер музейінде осындай атаумен ғылыми конференция өтті. Шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы тапсырмасы негізінде ұйымдастырылып отыр.
РКС: «Алтын орда» атты тарихи трилогияның авторы Ілияс Есенберлин: «Халқымның қиын да ерлікке толы тарихын суреттеу міндеті өмірімнің мәніне айналды», - деген еді. Сол тарихтың бастауы: «Алаңда алаң алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт», - деп басталатын жыраулар поэзиясында жатыр. Дәуір шындығы, ерлік пен елдікті өзек еткен сол туындылар қазіргі қоғамда да өз маңыздылығын жойған жоқ.
СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ //қаз// Жыраулар поэзиясы бүгінгі біз үшін өте керек дүние, рухың жасымауы үшін, санаң ұйықтап кетпеуі үшін арғы тарихи жадыңды қайта-қайта жаңғыртып отыру үшін мынау тәуелсіздігіңді, азаттығыңды сезіну үшін, болашағыңды бағдарлау үшін, жалпы ұлттық рухыңды көтеру үшін ең бір керек рухани қазына, жәдігер-ол жыраулар поэзиясы.
РКС: Халқымыздың жүріп өткен жолы жыраулар поэзиясында толықтай көрініс тапқан. Өткен мен болашақты сабақтастыруда да маңызы зор. Конференцияға қатысқан ғалымдар да, бұл шараның жастар үшін берері мол екенін айтады.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ//қаз// Конференцияның жас ұрпаққа беретіні, ұлттық тарихымызды көркемсөз арқылы, әсіресе Бұқар жарау, Үмбетей, Тәттіқара, Ақтамберді толғаулары арқылы безбенге салу. Бұлар тұнып тұрған тарих. Жыраулық позэзия дегеніміз тек көркемсөз өнері ғана емес, ол сол Абылай хан Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәпек батырлар, Жанатай батырлар міне сол ерлік дәуірдің, қаһармандық дәуірдің тұнып тұрғант тарихы жыраулардың толғауларында жатыр.
РКС: Айта кетейік, конференцияға белгілі қайраткерлерден бөлек Серғазы Қайырболды, Ерден Нұрахмет сынды жас ғалымдар да қатысты. Конференцияда оқылған баяндамалар жеке жинақ болып жарық көрді. Ұйымдастырушылар бұл жинақ студенттер мен жалпы оқырманға қолжетімді екенін айтады.
ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.