ДИКТОР: Бірінші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл формативті  бағалау жүйесінің бір ерекшелігі. 2016-2017 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1 сыныптарына  тәжрибе жүзінде енгізілген бағалау жүйесі, енді барлық сыныптың білім деңгейін бағалауға қолданылатын болады.

РКС: Биылғы оқу жылында білім саласына  бірқатар өзгерістер енген. Олардың бірі – оқушыларды бағалау жүйесі.  Бұл туралы арнайы брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова баяндады.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //қаз// 1-сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл биылғы жылдың бір ерекшелігі. 2-11 сыныптар 10 балдық жүйедегі бағалау жүйесіне көшеді. Аптасына бір рет бөлімнің жиынтық бағалары қойылады, тоқсан соңында осы бағалардың қортындысымен негізгі баға қойылады.

РКС: Ақмола облысы бойынша  жалпы білім беретін 555 мектеп бар. Оның 4 еуі жекеменшік мекеме. Дәл қазір 387 мектеп штаттық режимде оқытып жатыр. Қалғаны қашықтықтан оқыту жүйесін енгізген.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //қаз// 168 мектеп, ол облыс орталығындағы мектептер, аудан орталықтарындағы мектептер және кіші моно қалалардағы мектептер өздерінің оуларын қашықтықтан оқытуда.

РКС: Оқу жылы басталғалы санитарлық талаптар күшейтіліп, сақтық шаралары қатаң қолға алынды. Дегенмен, бүгінге дейін облыс бойынша КОВИД жұқтырған 5 оқушы анықталып отыр, олардың 4-еуі  қашықтықтан білім алушылар.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //қаз// Ең негізгі тоқталғым келген мәселе мектептегі сантарлақ талаптар. Қазір мектептерде мониторинг жүргізетін арнай топтпр құрылған. Олар білім ордаларының санитарлақ нормаларын тексеріп, оқушылардың қауіпсіздігіне жауап береді.

РКС: Айта кетейік, жалпы білім беретін мекемелерден бөлек  мектепке дейінгі 605 ұйымда 34 мың бүлдіршін тәрбиеленеді. Қазір олардың 51% проценті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ал қашықтықтан білім беріп жатқан мектептерді штаттық режимге көшіру мәселесі 2 тоқсаннан кейін қаралатын болады.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ