Диктор кадрда: Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің үсті өсімдіктерге толып, қамыс қаптап кеткен. Бұл өз кезегінде судың ластануы мен қалдықтардың жиналуына алып келеді. Бұл мәселені шешу үшін облыстық табиғи ресурстар басқармасының мамандары арнайы жоба бойынша жұмыс істеуде.

РКС: Қопа көлінің санитарлық-экологиялық жағдайы көбіне Қылшақты өзеніндегі ахуалға байланысты. Мамандар өзен арнасын су асты өсімдіктерінен тазартуға ерекше назар аударуда. Экологиялық жоба 5 учаскеге бөлінген.

СНХ: БОЛАТ ТОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МЕН ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///Табиғи ресурстар басқармасы көлді тазалау жөнінде жоба әзірледі. Жоба 5 бөлікке бөлінді. Қазіргі уақытта 5 учаске бойынша жұмыстар атқарылуда. Ол «Аққу» бала бақшасы мен Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралық. Өзеннің ішін тазартып, тұнба қалдықтары шығарылуда. /

РКС: Аталған учаскеде 15-ке жуық адам еңбек етуде. 3 техника жұмыс істеуде. Мердігердің айтуынша тазарту жұмыстары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқталмақ. Бүгінде бұл жұмыстардың 40 проценті аяқталған. 

СНХ: МАКСИМ КАРБУШЕВ, МЕРДІГЕР /Қылшақты өзенін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Яғни, өзен түбіндегі лас қалдықтар алынады. Жұмыстар Ғабдуллин көшесі мен Абылай хан даңғылы арасындағы учаскеде жүргізілуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 мың текше метр топырақ шығарылды./ 

РКС: Өзенді су өсімдіктерінен тазарту үшін арнайы қамысты шабатын шөп шапқыштар сатып алынды. Белоруссия технологиясы жұмысты әлдеқайда жеңілдетті,- дейді жұмысшылар.

СНХ: ӘДІЛ ӘБЖАНОВ, ИНЖЕНЕР /«ЛК-12А» құрылғысы судағы шөпті шабуға арналған. Өнімділігі сағатына 0.8 гектарға дейін жетеді. Ол күн райына және шөптердің массасына байланысты.  /

РКС: Ендігі кезекте Қылшақты өзенінің басқа учаскелерін тазарту жоспарлануда. Мамандардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы экологиялық жағдайды, сонымен қатар өзен жағалауының рекреациялық әлеуетін едәуір жақсартады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ