Диктор кадрда: Көкшетау қаласындағы «Бейбітшілік» шағын ауданы тұрғындарының жол азабын тартып отырғандарына 20 жылға жуықтады.  Қаңтар айында қала әкімі Амангелді Смайылов журналистермен өткізген арнайы брифингте жол құрылысына 450 миллион теңге қаржы бөлінгенін айтқан болатын. Жаз ортасы ауғанымен, құрылыс әлі басталған жоқ. Аудан тұрғындары бөлінген қаржы мақсатты жұмсалмай, жол құрылысы биылғы жылы да басталмай қала ма деп алаңдаулы. 

РКС: «Бейбітшілік» шағын ауданының алғашқы тұрғындары осыдан 16 жыл бұрын қоныс аударғандарын айтады. Ауданда орталықтандырылған су, жарық бар. Ал жол мәселесі  талай рет көтерілді. Әзір нәтиже жоқ. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Юрий Шидловский өткен жылдың желтоқсан айында берген сұқбатында құрылыстың жоспары ауқымды, көп ұзамай мәселе шешіледі деген.   

ТАЙМ-ТИТР: желтоқсан 2019

СНХ: ЮРИЙ ШИДЛОВСКИЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /Қазіргі уақытта Бейбітшілік ауданы бойынша жалпы ұзындығы 2,9 шақырым автокөлік жолдарын қайта жөндеу жобасы жасалды. Жолдың әр жолағының ені 3,5 метр болады. 14 аялдама орнатылды. Дәл қазір жол жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу туралы бюджетке өтінім бердік. Бұл қаладағы басты жобалардың бірі. /

РКС: Қаңтар айында қала әкімі Амангелді Смайылов арнайы брифингте аталған жобаға қаржы бөлінгенін айтып, тағы бір қуантқан еді.

ТАЙМ-ТИТР: 8 қаңтар 2020ж.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ на русс. /Жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Автобус жіберу үшін алдымен жол істеу керек. биылғы жылы 450 миллион теңге қаржы бөлінді. Бейбітшілікте жол істеген соң автобус жібереміз./

РКС: Жаз ортасы болды, құрылыс әлі басталмады. Тұрғындар биыл тағы жолсыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

СНХ: АЙБЕК ҚАСҚАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Қаз. /Мен осы ауданның тұрғынымын. 16 жылдан асты тұрып жатқаныма. Тротуар, асфальт салады дейді. Арасында келеді бір екі күн. Ана жерді мына жерді бір шұқылап кетеді. Мына тас жолды өз күшімізбен салдық. Бірақ көктемде жердің астына кіріп кетеді. Жеңіл көлікпен жүру мүмкін емес. Бір бірімізді сүйреп барамыз. Бір жұма бұрын келіп жүрген жұмысшылар тағы жоқ. Қаланың кей мөлтек аудандарына бір емес екінші рет салынып жатыр жолдар. Бізге керемет асфальт емес, тас жол салып берсе екен. Қыста өте қиын./

СНХ: ЕРҒАЛИ ТҰРМАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ қаз. /Жыл сайын айтады істейміз деп, істемейді. Мына машинаның ходовкасын жылына бірнеше рет ауыстырамыз. Жолды өз күшімізбен ақша жинап, көршілер істегендей болдық. Жол керек қиын. /

ОРЫСША СНХ: САНДУҒАШ ШОТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

РКС: Тұрғындар шағымымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Юрий Шидловскийге бірнеше рет хабарластық. Кездесуге қолы тимеген ол сұқбатты телефон арқылы берді.

СНХ: ЮРИЙ ШИДЛОВСКИЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///телефон арқылы /Биыл жол құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Биылға 200 млн теңге қаржы бөлінді. 3 жылға арналған жоба. Келер жылы тағы 200 млн теңге беріледі. Биыл асфальт жасалмайды, тек қиыршық тас төсеп, орнын даярлап қоямыз. Қазан айының соңына дейін жолды дайындаймыз./

РКС: Бейбітшілік шағын ауданының тұрғындары биыл тағы жолсыз қаламыз ба деп қорқады. Бірер айда күз келеді. Жылдар бойы жол азабын тартқан олардың әзірге оны күтуден басқа амалы жоқ.       

М.АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ