Айтулы жоба 2014 жылы Финляндия тәжірибесіне сүйеніп, сол елдің  қолданбалы ғылым университетімен бірлесе отырып қолға алынып, жол картасы жасалды. Ондағы мақсат – еліміздің мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру. Осылайша, бұған дейін орта-арнаулы медициналық білімі бар ақ халаттылар енді «Медбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатта  1,5 жыл  ішінде білімін  жетілдіре алады.

Тәжірибелік бағдарлама дуалды білім беру жүйесіне негізделген. Яғни студенттер тек оқу орнында ғана білім алып қоймай, ұстаздарының жетекшілігімен емханаларда да іс-тәжірибеден өтеді. Айтулы практикалық білім жалпы білім жүйесінің 50 пайызынан кем түспеуі керек.

Айта кету керек, Еуроодақ құрамындағы елдерде бұл тәжірибелік бағдарлама кеңінен көрініс табуда. Қазақстандағы айтулы мейірбике ісін модернизациялау денсаулық сақтау жүйесінде медбикелердің рөлін арттырмақ.

Салтанатты шара соңы  концерттік бағдарламаға ұласты.Айгүл Мырзағалиқызы