Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Тәуелсіздік жылдарында өз еңбегімен, білімімен, өнерімен дараланған замандастарымызды «100 жаңа есім» жобасы аясында қоғамға таныту мақсаты қойылған еді. Жоба аясында «100 жаңа есімнің» өңірлік нұсқаларын жасау міндеті де бар. Ақмолалық табысты тұлғалардың бірі - дәрігер, Сәкен Тұрсынбай. Алдынан талай науқас дертіне шипа тапқан абзал азаматтың бір күнімен біздің түсірілім тобы танысып қайтты. Елбасы мақаласында әр салада ел дамуына өз үлесін қосқан азаматтардың 100 жаңа есімін анықтау міндеті көрсетілген еді. Мұндай  тұлғалар денсаулық сақтау саласында да аз емес. Сәкен Ахетұлы Тұрсынбай - 44 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Оның әр жұмыс күні науқастармен жүздесуден басталады. Сәкен Ахетұлы  - ақмолалық ақ халаттылар арасында үлкен құрметке ие. Ол жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының үздігі. Тәуелсіздігікпен бірге келген талай өзгерістің куәсі қазақстандық медицинаның бүгінін биік бағалайды. Дәрігердің әр ісі жас буынға үлгі. Ол жоғары кәсіби біліктілігімен, бұлжымас ұстанымымен дараланады. Бастысы, әрқашан өз тәжірибесімен бөлісуге әзір.  «Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр», - делінген бағдарламалық мақалада.  Сәкен Ахетұлының ел дамуында өз ізін қалдырары анық. Ол -бүгінгі күннің біз білмейтін батыры, жетістіктері мен еңбегі көпке үлгі боларлық ардақты жан.

Ауғанбек Манарбекұлы