ДИКТОР: Көкшетауда мамыр айынан бастап шыбын-шіркей мен масаға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Ол үшін суық және ыстық тұманды термогенератор, аэрозольды шашыратқыштар қолданылып жатыр.
РКС: Биыл қаладағы саябақтарда масаға қарсы дезинфекцияны жүргізу тендер бойынша «Дезинфекция Көкшетау» компаниясына бұйырды. Олар тиісті жұмыстарды 4 мамырдан бастаған. Тұрғындар масалармен күресу шараларының нәтижелі екендігін растады.
ЕСТ.ШУМ. БЛИЦ-ОПРОС
-Ешқандай шағым айтпаймын. Маса жоқ.
-Маса туралы тіпті ұмытып та кетіппін. Кездескен жоқ мүлде.
- Далада аздап бар. Бірақ мазаны алатындай жағдайға жеткен жоқпыз.
РКС: Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізетін мекеме қаладағы 25 нысанға жауапты. Оның ішінде орталық саябақ, теміржолшылар Аллеясы, филармония алды, Қопа көлінің жағасы бар. Ал жертөлелер мен тұрғын үй аулаларын пәтер иелері кооперативтері қадағалайды.
СНХ: БОТА ӘЛИЕВА, «ДЕЗИНФЕКЦИЯ КӨКШЕТАУ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///ҚАЗ/// Дезинфекция шараларының келесі кезеңін маусымның бірінде бастаймыз. Егер тұрғындардың тарапынан масаға байланысты шағым түссе, бұл шараларды қайта жасаймыз. Біз шыбын-шіркейлерді циперметринмен улаймыз. Бұл белгілі препарат. Алайда оны су айдындарына қолданбаймыз. Барлық жұмыстар адамдар жоқ кезде, таңертең жүргізіледі. Өйткені, өзгеше иіс болады. Тиісті шаралар мамыр мен қыркүйек аралығында өтеді.
РКС: Мамандардың айтуынша, олар масамен күресу жұмыстарын жүргізуге дайын.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, БАУРЖАН СМАГУЛОВ, «КОКШЕ-АКПАРАТ».