ДК: Отандық өнім.

STAND-UP, ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Үстімдегі әсем көйлек Шанель, Mango, Zara емес. Өзіміздің отандық өнім. Ақмолада тігілген. Сәні мен сапасы жағынан жаңағы тізіп шыққан брендтерден кем емес. Базардың сөресін жаулап алған түрік, қытай, қырғыздың арзан киімдері біздің өнімдерді ығыстырып тастаған. Отандық өнім. Сенімді сапа. Қолжетімді баға. Және бренд. Бұл ұғымдар қаншалықты бір-бірімен байланысты? Біздің тауарлар әлем экономикасында бәсекеге қабілетті ме? Маркетинг отандық нарықта қалай дамыған? Сұрақтарға жауапты бірге іздеп көрелік.

РКС: Ақмола облысы аграрлы-индустриялық аймақ болғандықтан, көбінесе ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласы дамыған. Ал жеңіл өнеркәсіп кенжелеп қалғандай. Облыста бұл салада 13 кәсіпорын ғана бар. Оның сегізі тоқыма, төртеуі киім және жалғыз аяқ киім фабрикасы бар. Әлемдік экономикада жеңіл өнеркәсіп ең табыс әкелетін кәсіп көзінің бірі саналады. 1890-шы жылдан 1960 жылға дейін сәнді киім тігетін шағын шеберханалар жаппай өндірістік сипат алады. Осылайша, экономиканың бір бағытына айналады. Ал тігетін киім бренд атанып, тапсырыс берушілер саны көп болса, әлемдік экономиканы жаулап алуға мүмкіндік жетерлік.

ЭКСПЕРТ

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ ///рус/// Ақмолалық, жалпы қазақстандық өнімдер халықаралық сән индустриясында көрінсе, жақсы болар еді. Миланда өткен көрмеде біздің ұлттық әшекейлеріміз зор сұранысқа ие болды. Сән индустриясының негізгі бағыттары - сөмке, аяқ киім, сырт киімдер.  

РКС: Қаламыздағы жалғыз сән үйі - «Ақай». 7 баланың анасы Ғалия Алдабергенова осыдан 20 жыл бұрын үйінде тапсырыс қабылдай бастаған. Кейін кәсібін кеңейтіп, 2 жыл бұрын сән үйін ашқан. Қарамағындағы 17 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Отандық сапалы, сәнді киім тігуге болатынын іспен дәлелдеп келеді.  

СНХ: ҒАЛИЯ АЛДАБЕРГЕНОВА, "АҚАЙ" СӘН ҮЙІНІҢ ИЕСІ // аударма// Қазақстанда жасалған деген маркалы тауарды жасауға болады. Және өте сапалы өнім шығаруға болады. Мәселен Эмиратта болғанымда әлемдік бренд тауарлар сатылатын Дубай моллдағы киімдерді салыстырып көрдім. Тігу техникасы бойынша біз кем емеспіз, кей жерде тіпті артықшылығымыз да бар. Тек мата, яғни шикізат жоқ. Қазақстанда шығарылатын маталар мақтадан жасалады. Ол сәнді киім тігуге жарамайды.

РКС: Ғалия Серікқызы маталарын Түркия, Эмират, Қытай, Өзбекстаннан әкеледі. Тіпті жіптің өзін Ресейден алдырады. Ал станоктар Қытайдан жеткізілген. Оған логистика құнын қосыңыз. Осы шығындарын өтеу үшін тауар бағасын базардан жоғары ұстайды. Тұрақты клиенттері қымбат болса да, сапасына қызығып алады.  

КЛИЕНТЫ «АҚАЙ»

+

+

ЭКСПЕРТ

СНХ: ҰЛАН ҚАБДУАЛИ,  ҚАРЖЫГЕР ///қаз/// Кәсіпкердің сыртқа тәуелділігі салдарынан баға жоғары. + Скл (05.15) Өндірісті дамытамыз десек, басқа да салаларды жоғары көтеру керек. Мысалы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығын дамыту керек. Себебі жіптің қайдан алынатынын білеміз.

ИНФОГРАФИКА:

РКС: Елімізде сырттан келетін дайын өнімнің үлесі басым. Мысалы, тоқылған күртелер мен кеудешелердің 98,9 про­центі сырттан әкелінсе, бар бол­ғаны 1,1 проценті отандық өнім. Сыртқы киімдердің 97,9 про­центі шетелден келсе, 2,1 про­центі қазақстандық өнім, ал спорттық киімдердің 83,1 про­центі импорттық тауарлар болса, 16,9 процент отандық өнімнің үлесі. Шұлық сынды тоқыма өнімдердің 80,7 проценті сырттан келетін тауарлар, ал 19,3 проценті өзіміздің өнімдер. 

ЭКСПЕРТ

СНХ: АЛЕКСАНДР ТКАЧЕНКО, ҚАРЖЫГЕР ///рус/// Отандық өнімнің өзіндік құны бүгінде өте өзекті. Өзіндік құнның жоғарылап кетуіне ықпал етуші фактордың бірі - валюта. Әлем экономикасында валюта текетіресі жүріп жатыр. Қай ел валютаны құнсыздандырса, соның тауары бәсекеге қабілетті болады. Мұндай саясатты Қытай жүргізеді. Оның ақшасы құнсыз, тауары арзан. Біздің елде де теңге еркін айналымға жіберілді. Бұл халыққа ауыртпашылық әкеледі, алайда, тауарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тағы бір айтатын мәселе - өзіндік құнды жоғарылатпас үшін кей кәсіпорындар өндіріс ошағын Қытай, Ресей аумағына орналастырады.

РКС: Мұндай тәсілді атақты Mango бренд киімдерін өндіруші ағайындылар қолданған. Олар тауар бағасы арзан болуы үшін өндірістерін Қытайға көшірген. Өзіндік құнның проблемасын Татьяна Басан жақсы біледі. "Арман" тоқыма өнеркәсібі 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған. Сапалы өнімдерін білмейтін көкшетаулық кем шығар. Фабрика қаланың кей мектептерін формамен қамтамасыз етеді. Жылына 30 миллион теңгеге бағаланатын 5-6 мың өнім өндіреді. Өз дәуірінде аймақтың бренді болып, дүркіреп тұрған үлкен цехтан қазір 25 тоқымашы ғана қалған. Халықтың оң бағасын алып үлгерген фабрика нарыққа өз тауарын шығара алмай отыр. Тек тапсырыспен жұмыс істейді. 

СНХ: ТАТЬЯНА БАСАН, "АРМАН" ТОҚЫМА КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: //русс// (02.23) Өнімдерді базарға қоя алмадық. Өйткені, бағамыз қымбатырақ. Қазақстанда иірілген жіп өндірілмейді. Белоруссиядан әкелеміз. Біздің фабрикадан мол табыс түседі деп айтпас едім. Сырттан шикізат алдырамыз, Оны өңдеп, тоқимыз, сату керек. Ар жағында  10-15 процент қана пайда түсуі мүмкін.

РКС:  Кез-келген кәсіптің тұралап қалуына маркетингті меңгере алмауы себеп дейді маркетологтар. Әлемдік Nike брендін жасаған американдық студент Фил Найт маркетингті ерте меңгергендігі нәтижесінде жетістікке жеткен. Ол университет қабырғасында маркетинг пәнінен берілген тапсырма негізінде Adidasқа бәсеке бренд ойлап тапты.

ЭКСПЕРТ

СНХ:АБЫЛАЙ ИСИН, МАРКЕТОЛОГ: //аударма// Қазіргі кезде бизнес жылдам цифрлануда. Әрине, Еуропадағыдай болмасақ та, соған ұмтылып келеміз. Тіпті пандемия кезінде кім маркетингпен жақсы айналысса, сол ұтылмады. Өңір кәсібіндегі бір проблема – маркетингті жақсы меңгерген кәсіпкерлер аз. Бүгінгі заманда ғаламтор арқылы кез-келген кәсіпті дөңгелетіп жіберуге болады.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ ///рус/// Кез-келген компанияның жетістігі - сапа мен маркетингте. Әсіресе, маркетингке назар аудару қажет. Қазір бәрі жылдам дамуда. тек соны тез меңгеріп алу керек. Компания табысының 50 проценті маркетинг пен брендтеуге байланысты. 

РКС: Ал бұл облыстағы жалғыз аяқ киім фабрикасы "Самхат". Тауарлары Нұр-Сұлтан, Алматы сынды ірі қалалар нарығына шығады. Былғарыдан тігілген тауарлары республика көлеміне танымал. Ерлерге, әйелдерге, балаларға, әскерилерге арналған, жылына жалпы саны 500 мың аяқ киімді сатылымға шығарады. Самхат өнімдерінің нарыққа еркін енуі тұтынушылар сұранысын қанағаттандыра білуінде, - дейді сарапшылар.

ЭКСПЕРТ

СНХ: ҰЛАН ҚАБДУАЛИ,  ҚАРЖЫГЕР ///қаз/// Бұл маркетингтік зерттеу. Кәсіпкердің бизнес жоспарына байланысты. Нарықты зерттеу. Нарыққа не керек соны шығару керек. Бұндай кемшіліктер болады. Бір тауардың бірнеше түрі шығарылуы керек. Бір түрлі емес, көп ассортиментті тауар шығу керек. осы тарапынан кәсіпкер тарапынан ізденіс талап етіледі.

РКС: Бүгінде Үкімет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау мүмкіндігінше жасалып келеді. Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында Үкімет кәсіпкерлерге қолжетімді несие беру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы арнайы жол картасы әзірленді.

СНХ:ҒАЛИЯ АЛДАБЕРГЕНОВА, "АҚАЙ" СӘН ҮЙІНІҢ ИЕСІ // аударма// (02.38)"Жол картасы-2020" бағдарламасы аясында осы ғимаратты алу үшін қаражат алдым.

СНХ: ТАТЬЯНА БАСАН, "АРМАН" ТОҚЫМА КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: //русс// (01.17) "Даму" қорынан 6 процентпен бірнеше жыл қатарынан несие алып келемін.

СНХ: АСЛАН ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ://русс//(03.02)Жыл басталғаннан бері микро және шағын бизнес өкілдеріне салықтан 3 жылға босатылған. Және 1-ші маусымға дейін салықтық тексерістер тоқтатылған.

 

STAND-UP, ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шынын айтқанда, еліміз бойынша жеңіл өнеркәсіптің даму қарқыны бәсең. Жалпы өнімнің 1 процентін ғана құрайды. Оның себептерін жоғарыда талдап кеттік. Олар: шикізаттың, технологияның сырттан импортталуы, халықаралық валютаға тәуелділік, логистика құнының қымбаттауы және маркетингті жетік меңгермеу. Еліміз бойынша тек 30 жеңіл өнеркәсіп өз тауарын сыртқа экспорттайды екен. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 10 процентін ғана құрайды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отандық өнімдер көбінесе Қытай, Ресейге экспортталады. Кейін Қырғызстан, Италия, Литва, Өзбекстанға өнімнің 5 процентке дейінгі көлемі шығарылады.Отандық өнімнің дамуы сіз бен бізге де байланысты. Шетелден келетін арзан тауарға қызықпай, өзіміздің сапалы өнімдерімізге сұраныс арттырсақ, біздің елдің де брендін әлемдік нарыққа шығаруға ықпал етуіміз мүмкін.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ  «АҚМОЛА АПТА»