ДИКТОР: Мемлекет басшысы әрбір оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс екенін атап өтті. Осы ретте Ақмола облысы еліміз бойынша білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында көш бастап тұр. Соның тағы бір айқын дәлелі - Жарқайың ауданына қарасты Бірсуат ауылында жаңа мектеп ашылды. 100 орынға шақталған жаңа білім беру мекемесі озық үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылып, оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Тілшіміз жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұған дейін Бірсуат ауылының балалары 1963 жылы салынған ескі ғимаратта білім алып келген. Уақыт талабына сай келмейтін мектеп былтыр апатты деп танылып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа мектептің құрылысы қолға алынды. Құрылыс жеке инвестиция есебінен жүргізіліп, бір жыл ішнде толық аяқталды. Енді міне, бүгінде ауыл балалары жаңа оқу жылын заманауи үлгідегі мектепте бастап отыр.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ОДИНЦОВА, БІРСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бәріміз өте қуаныштымыз. Жаңа мектептің ашылуын көптен күттік. Мектептің іші кең, әрі жайлы. Заманауи жабдықтармен жабдықталған. Ауылымыздың дамуына үлес қосқан барша азаматқа шын жүректен алғыс білдіреміз.

РКС: Жаңа мектептің жалпы аумағы 1300 шаршы метр. Мұнда бастауыш сыныптарға арналған жеке кабинеттермен қатар, пәндік сыныптар – математика, физика, химия, информатика кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Барлығы 8 пәндік кабинет, кітапхана, спорт залы мен асхана бар. Жиһаздар мен оқу құралдарының барлығы – жаңа. Мектепте 13 педагог жұмыс істейді.

СНХ: МАЯ КЕНЖЕҒҰЛОВА, БІРСУАТ ОРТА МЕКТЕБІ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бірсуат ауылында жаңадан мектеп ашылып жатыр. Жаңадан құрал-жабдықтар келіп жатыр. Әсіресе, компьютерлер, қазіргі заманға сай құралдармен қолданатымызға өте қуаныштымыз. Және бүкіл осы ерлерімзге, азаматтарымызға мың алғыс. Осындай қуанышты күн сыйлап жатқанына. Бәріне мың алғыс!

РКС: Айта кетейік, Ақмола облысында өңір мектептерін жаңғыртуға бағытталған үш жылдық жоспар бекітілді. Оның аясында 2027 жылға дейін 90 мектеп жаңғыртылмақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ