ДК: Қазақтың атақты жазушысы, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. Қарымды қаламгердің қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Әр шығармасында қазақ елінің тағдырын, жоқшылық пен тапшылықты ашық суреттейді. Ал, бүгінде ақынның жиырмаға тарта поэмасы, оннан астам пьесасы, көптеген романдары қазіргі жас ұрпаққа рухани азық болуда.
РКС: Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. Бала күнінен ертегі, жыр-дастан, әңгіме-қиссаға құмар болады. Әдебиетке назары ауған ол Абайдың шығармаларымен сусындап өседі. Қаламгердің елдегі нәубет жылдарды бейнелеген көлемді туындысының бірі «Ботагөз» романы. Жазушы бұл туындысында қазақ халқының төңкерістік ірі кезеңдерін қамтыған. Тарихи шығарма бірқатар шетел тілдерінде аударылған. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, ел театрларының сахнасында сан мәрте сахналанған. Арнайы роман желісінде кинофильм де түсірілді. Сондай-ақ, Сәбит Мұқанов ойшыл-ғалым Шоқан Уәлиханов жайлы да көп зерттеп, қалам тербеген. Жазушы Шоқанның саналы ғұмыры жайлы "Шоқан Уәлиханов" пьесасы мен "Жарқын жұлдыздар" атты еңбектерін жазады. Ал, өмірінің соңғы жылдары Шоқан өмірінен сыр шертетін "Аққан жұлдыз" романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Өкінішке орай, жазушы төрт том ретінде жоспарлаған бұл роман аяқталмай қалған.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ//ҚАЗ// Сәбеңнің мына Шоқантануға баруы бұл оның үлкен ғұламалығын, этнографиян, тарихты әсіресе Шоқан өмірін жақсы білетіндігін танытады. Өйткені Сәбиттіңң елі Шоқан туған ауылдан алыс емес. Ол алғаш Шоқан жайлы пьеса жазып, кейіннен көлемді роман жазды. Ол орыс тілінеде аударылған «Аққан жұлдыз». Бұл романда Шоқанның ғалымдық, қайраткерлік тұстары кеңінен баяндалған. Әсіресе осы романнан кейінгі ұрпақ нені алу керек? Бұдан этнография, Шоқаның төре тұқымдары, қазақ қауымы яғни тек Шоқанның өмір сүрген дәуірін алуға болады. Бұл жерден біз Сәбеннің осы романға мықты даярлықпен келгенің көреміз.
РКС: Сәбит Мұқановтың драматургия саласында сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Ал, жазушының шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. Мұқановтан қалған осынау мол мұраны жаңғыртып, дәріптеу бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАҺАНГЕР МҰҚАНБЕТОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»