Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында көпшілік көкейіндегі бірқатар мәселелерді қозғап, соған сәйкес міндеттемелерді атап өткен болатын. Қолға алынып жатқан білім беру сапасын жақсарту, ұстаздар мәртебесін көтеру бастамалары әсіресе педагогтар үшін үлкен серпіліс болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде білім беру сапасын жақсарту мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар мәртебесінің көтерілуіне тікелей байланысты екені белгілі. Қазіргі таңда «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, мұғалімдерге ерекше көңіл бөлінуде.
ВАЛЕНТИНА АРГАЛУТОВА, ПЕДАГОГ
Бізге педагогтар үшін 2020 жылы «Ұстаздар мәртебесі туралы» Заңның қабылданғаны өте қуанышты. Көтерілген заңнамалар көңілімізден шығып отыр. Бұл жастар үшін де тиімді. Олар ғылымға бет бұруда. Жалақы көтеріліп жатыр. Жастардың магистратураға түсуге деген ынталары да жоғары.
Жастардың білім алуы – болашақта сапалы мамандардың шығуын қамтамасыз етеді. Осы орайда, Жолдауда білім мәселесінің көтерілгені қазақстандықтарды айырықша қуантты. Ал, ұстадар қауымының Президентке айтар алғыстары зор.
ЗӘУРЕШ ДҮЙСЕНБАЕВА, ПЕДАГОГ
Міне, осы Жарлықтың барысында көптеген ұстаздардың қуанышы жоғары көтеріліп жатыр, Өйткені, біріншіден мұғалімдердің жалақысы өсіп жатыр. Содан кейін олардың статусы көтерілді. Балалармен жұмыс жасау дұрыс ұйымдасқан жолмен жүріп жатыр. Ұстаздар атынан зор қуанышымды білдіргім келеді.
Ел болашағы білімді жастардың қолында. Жолдауда көрсетілген тапсырмадан ірі бағдарламаларға дейінгі барлық тармақтар қазақстандықтардың мүдделерін қорғауға және олар үшін қолайлы жағдай жасауға негізделеді.
ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ