086у медициналық анықтамасы бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие құжаттардың бірі. Бұл оқуға түсіп немесе жұмысқа орналасып жатқан тұлғаның денсаулық жағдайына берілетін анықтама. Бұл құжатты алу жұмыстарын жеңілдету үшін бүгінде оны электронды форматқа ауыстыруда.
РКС: 086у анықтама қағазы азаматтың соңғы өткен медициналық тексерісі негізінде автоматты түрде жүйеде сақталып қажет жағдайда кез келген уақытта алынады. Қазіргі уақытта анықтаманы алу жұмыстары біріздендірілу үстінде.
ҚАЙРАТ КӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі бұл қызмет түрін автоматты түрге ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында, яғни, сәуір-мамыр айында аяқталады деп күтілуде. 086у медициналық анықтамасы электронды форматта болады. Яғни соңғы өткен тексеріс нәтижесінде беріледі. Құжат ақпараттық жүйелерде, мемлекеттік органдарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, ішкі істер органдарында сақталатын болады. Тұлғаның келісімімен жұмысқа алып жатқан мекеме бұл құжатты орталық жүйеден ала алатын болады.
Сондай-ақ, 086 медициналық анықтамасын электронды үкімет және мобилді қосымша арқылы да ала алатын боламыз. Ерекшелігі бір рет дайындалған құжатқа жарамдылық мерзімі өткенге дейін бірнеше рет сұратуға болады.
М.АЙБАБИНА, НҰРСҰЛТАН ЫБЫРАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ