Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қажет. Бүгінде Ақмола облысындағы 29 мыңнан астам мүгедектің мыңға жуығы арбаға таңылған. Олардың еркін жүріп-тұруы үшін шаһарда қаншалықты жағдай жасалған? Сіз бен біз сияқты олар қалаған жеріне еркін бара ала ма? Көңілі жарым жандардың жағдайын жеңілдету үшін елімізде «Қолжетімді Қазақстан» жобасы қолға алынуда. Тақырыпты әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы тарқатады.
Қала тұрғыны Лилия Харламованың арбаға таңылғанына 10 жылдан асты. Кейуана инватакси шақырып, қалаған жеріне барады. Тек кедергі көп. Мәселен, орталық базарда мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жағдай жасалмаған.
ЛИЛИЯ ХАРЛАМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мүгедек болсақ та, біз де өзгелердей адамбыз. Базарға келсең, мұнда пандус бар, бірақ бордюр жоқ. Онсыз пандусқа жете алмайсың. Біреудің көмегі қажет.Біз де өзгелердей дүкенге барып, азық-түлік пенк киім кешек алғымыз келеді. Бірінші қабаттарда тек тамақ сатылады. Ал екінші қабатқа көтерілу тіпті мүмкін емес. Біз де өзімізге ұнайтын киім алғымыз келеді.
Лилия апай әрі қарай «Рубин» дүкеніне жол тартты. Мұнда да жағдай мәз емес. Арнайы бюрдюр жоқ. Біреудің көмегінсіз есіктен өтудің өзі мұң. Сауда орнына кірген соң де кедергі жойылмайды. Мұндай жағдайлар шаһар ішінде жетіп артылады. Оған өзіміз куә болдық.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, РЕДАКТОР
Ф5171 Міне, мына дүкенге көтерілу үшін баспалдақ қарастырылған. Яғни кез келген адам осы баспалдақ арқылы дүкенге кіре алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, сондай-ақ кішкентай арбадағы балалары бар аналар үшін мұнда пандус қарастырылған. Алайда, пандусқа апарар жол міне мынадай. + 5172 ал пандустың жолын міне мына Рубин дүкені жауып тұр.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, РЕДАКТОР
5175 Міне, дәл қазір біз Көкшетау қаласындағы жаңа үйлердің бірінде тұрмыз. Енді пандусқа қарай жақындап көрейік. Мүмкіндігі шектеулі жандар бұл жерден қалай өтеді? Дәл қазір менің жанымда арба жоқ. Бірақ өзім өтіп көруді жөн көрдім. Міне, өздеріңіз көрдіңіздер. Менің өзім бұл пандустан әрең сырғанап өттім. Ал арбаға таңылған жанның бұл пандустан Қалай өтетінін ойлаудың өзі қорқынышты.
Ал жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының айтуынша, әсіресе жекеменшік мекемелер пандусты дұрыс салу ережелеріне бағына бермейді. Олармен күресу қиын. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде «Қолжетімді Қазақстан» әлеуметтік жобасы жұмыс істеуде. Ол мүгедек жандарға кедергісіз орта қалыптастыруды көздейді.
ГАУКАР КАМЕЛИНОВА, «ҚОЛЖЕТІМДІ ҚАЗАҚСТАН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Шаһарда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруына жағдай жасалмаған. Сондықтан қаңтар айынан бастап арнайы карта жұмыс істейтін болады. Кез келген мүгедек жан үйде отырып, осы карта арқылы әр мекеменің ол үшін қаншалықты қолжетімді екендігін біле алады. Картаның жұмыс істеуі үшін әр тұрғын нысанды суретке түсіріп, оны админге, яғни маған жібере алады.
Бұл жаңа жобаның мақсаты сол – кедергілерді жою, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау. Бұдан бөлек кішкентай баласы бар аналар, зейнеткерлер сияқты аз мобильді азаматтардың да жағдайын жасау. «Қолжетімді Қазақстан» жобасы еліміздегі Еуропалық Одақ өкілдігінің қаржылай қолдауымен іске қосылған. Ұйымдастырушылары – «Таңдау» қоғамдық қоры мен «Ерекше Таңдау-Шелек» корпаративтік қоры. Алдағы уақытта бұл игі бастама өз жемісін береді деп сенейік.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»