ДИКТОР: Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» бастамасының өзектілігін атап өтті. Бағдарлама аясында азаматтарға әлеуметтік, қаржылық және құқықтық көмек көрсетілуде. Президенттің бұл бастамасы еліміздің барлық өңірін қамтып отыр.
РКС: Несиелік жүктемені азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру ерекше назарда. Жоба «AMANAT» партиясы мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаның тиімділігін бірнеше рет атап өтіп, оны Қазақстанның барлық өңіріне таратуды тапсырды.
ЦИТАТА: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет.»
РКС: Бастама Ақмола облысында белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде 8 мыңнан астам азамат қаржылық сауаттылық бойынша білім алды. Оқыту офлайн және онлайн форматта жүргізіліп жатыр.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ АСҚАРОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕНТОРЫ: Жыл басында оқыту офлайн және онлайн форматта өтті. Офлайн форматта адамдар үш күн бойы сабақтарға қатысты, қаржылық сауаттылық бойынша курстар өткізілді. Сол жерде азаматтар жеке консультациялар үшін қалып отырды, және қаржы сарапшысы әрқайсысымен олардың жағдайы немесе мәселесі бойынша жеке жұмыс жүргізді, себебі бұл азаматтар 90 күннен астам мерзімі өткен несиелік қарызы бар санатқа жататын.
РКС: «Қарызсыз қоғам» ең алдымен қаржылық тәуелсіздікке, әлеуметтік әділеттілікке және тұрақты болашаққа апарар жол, – дейді жоба менторы.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ