Үкімет тамақ өнімдерінің бағасын ерекше бақылауда ұстайды. Осы орайда, Ақмола облысында тұрақтандыру қорын қалыптастыруға үш жүз миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қараша айында сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді.  

Мамандардың талдауына сәйкес, бұл тауардың 19 түрі әлеуметтік маңызды тауарлар болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стандартты жиынтық: күріш, ұн, қарақұмық жармасы, тұз, қант пен көкөністер. (ГРАФИКА: экранда тауарлардың барлық түрлері сипатталады): 1. Күріш, тазартылған, өлшемді

 2. Бірінші сұрыпты бидай ұны

 3. Қарақұмық жармасы (өлшемді)

 4. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

 5. Макарондар өлшемді

 6. Сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі)

7. Тауық еті (сан еті)

 8. Жұмсақ орамадағы майлылығы 2,5 %  пастерленген сүт

 9. Майлылығы 2,5 жұмсақ орамадағы айран

 10. Майлылығы 5-9 % сүзбе

 11. Бірінші санатты тауық жұмыртқасы

 12. Майлылығы 72,5 пайыздан кем емес тұздалмаған сары май

 13. Күнбағыс майы

 14. Қырыққабат

 15. Пияз

 16. Асхана сәбізі

 17. Картоп

 18. Құмшекер

 19. Ас тұзы (экстрадан басқасы)

 

Айта кету керек, жыл басынан бері күріш, ұн, тауық еті, сары май, қырыққабат, сәбіз, айран, тіпті тұз бағасының аздаған артуы байқалды. Оған себеп – өндірушілердің шығындарына қарап, өз беттерінше баға реттеуі болып шықты. Дегенмен, қант, сүт және күнбағыс майын қымбат емес бағаға сатып алуға болды. Қазіргі уақытта баға мәселесі жіті бақылауда. Бағаны тұрақтандыруға арналған шаралардан бөлек, кәсіпорындармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 719 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Алайда, тұрғындарды ең алдымен, макарон мен шұжық таяқшасының килограм бағасы емес, жаңа піскен нанның бағасы алаңдатады.

ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Облыстық бюджеттен ұн сатып алуға қаражат бөлінді. Жақын арада бұл механизм іске асырылатын болады. Сондай-ақ, бізде нан бойынша басқа да бірқатар іс-шаралар бекітілетін болады. Бірақ, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тобына кіретінін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша бізде нан бағасы 80 теңге. Шын мәнінде 110 және 105 теңге тұратын жерлер де кездеседі. Ал, «Ақсай-нан» сияқты кәсіпорындар 75 теңгеден сатуда. Бұл белгілі бір нүктелер мен дүкендердегі баға. Біз олардың желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізудеміз.

Тұрақтандыру қорына тоқталатын болсақ,  біреулер оны өнімдерге толы қойма ретінде елестетеді. Ал, іс жүзінде бұл іс-шаралар кешені мен жергілікті өндірушілермен қол жеткізілген келісімдер жиынтығы болып табылады.

САМАТ СӘНИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

2019 жылдың 4 қарашасында тұрақтандыру қорына өнімнің жеті түрін сатып алу туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сары май, ұн, картоп, сәбіз бар.  Күріш пен қарақұмық 20 тоннадан алынды. Барлық азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерде сақталатын болады. Сату бірінші кезекте «Қамқор» коммуналдық павильоны арқылы жүзеге асырылатын болады. Сату нарық бағасынан 10-30 пайызға төмен болмақ.

Сарапшылардың айтуынша, тұрғындардың алаңдауға еш себебі жоқ.  Оның үстіне, өңірде өткен жылмен салыстырғанда жергілікті азық-түлік тауарларының өндірісі 13 пайызға өсіп, ақшалай көріністе 84 миллиард теңгені құраған көрінеді.

Айжан Ақтаева, Мадина Смагулова, Павел Соловьев, Көкше ақпарат.