Жаңадан салынған «Зерек» балабақшасы соңғы заманауи технологиялармен жабдықталды. Ақпараттық технологияның соңғы үлгілері қарқынды енгізілуде. Мектепке дейінгі білім беретін мекеме биыл ашылған болатын. Қазіргі таңда 280 бала тәрбиеленуде. Балабақша құрылысына 763 млн. 341 мың теңге жұмсалды. Тәрбие жұмысының барысын біздің түсірілім топ біліп қайтты.
ЕЛИЗАВЕТА ҚАЛЖАНОВА, «ZEREK» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Қазір ақпараттық-технологиялардың дамыған кезі. Біздің балабақша соған сай жабдықталған. Ал, тәрбиелік жұмыстарымыз балаларға сол заманауи дағдыларды қалыптастыру үшін бағытталған.
Жаңа құрылғылар, ыңғайлы жиһаз, тазалық пен жайлылықты сездіреді. Заманауи бейнебақылау жүйесінің орнатылуы да ең маңызды аспектілердің бірі. Жұмыс жасау уақыты барлық балабақшалардағыдай тұрақты. IT мамандандыру ғана ерекшелендіреді.
Балабақшадағы интерактивті құмсалғыш – нағыз өнер туындысы, технологияның дамығандығының көрінісі.
Виртуалды альпинизм және Alio сенсорлық дисплейлер. Мұнда тіпті ең ұяң бүлдіршіндер де дене шынықтырумен қызыға айналысады.
Арнайы сенсорлық бөлме баланы қоршаған ортамен танысып, оны зерттеуге үйретеді.
ГҮЛЗАДА ӘЛПЕЙІСОВА «ZEREK» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ
Бұл бөлме белсенді балалармен қатар ең ұяң бүлдіршіндерге арналған. Біз 45 минут жаттығамыз. Бұл жерде құрғақ бассейн, жарық терапиясына, сонымен қатар қолдың моторикасын дамытуға арналған құрылғылар бар.
Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша 280 орындық тағы үш балабақша салу жоспарланған, олардың бірі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мекеме. Мектепке дейінгі мекемелер жобалары дайын, кейбірі сараптамадан өтуде. «Сарыарқа» шағын ауданында, Нұрлы көш ауылында жаңа балабақшалар пайда болады. Жаңа мекемелерде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар есте сақтау қабілетін арттырып, логиканы дамытып, балалардың білімге деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі.
ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, БАУРЖАН СМАГУЛОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»