Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  қазақ өнеріне ерен еңбек сіңірген ҚР-ның Мәдениет қайраткері, талай шәкіртке сахна сырын ұғындырған ұлағатты ұстаз Құдайберген Насырұлымен кездесу кеші өтті.     

Жас ұрпақ пен бойында үлгі аларлық асыл қазына жатқан өнер ардагерінің  арасына алтын көпір орнатуды мақсат еткен жиын Құдайберген Насырұлымен сүбелі сұхбат және мерекелік кеш ретінде ұйымдастырылды. Шәкірттері поэзиядан жыр төгіп, ән шырқады. Театр өнеріне елеулі үлес қосып келе жатқан мәдениет жанашыры өмірінен сыр шертті. 

ҚҰДАЙБЕРГЕН НАСЫРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

1978 жылы атақты ұстазым, жатқан жері жәннатта болсын, барлықтарын білетін шығарсыздар. Сыр халық әртісі, Сыр мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шолпан Жандарбекованың класына келіп түстім. Оның алдында Қарағанды пединститутының тарих факультетіне тапсырып, экзаменнен өтіп тұрып тастап кеттім. Келіп қайтадан ауылға мұғалім болдым. Сол апайымның класында болдым.

Кеш барысында Құдайберген Насыровтың өнердегі әріптестері, еліміздің әр өңірінде биіктен көрініп жүрген шәкірттері видео арқылы сәлемдемесі мен ыстық лебіздерін жолдады. Олардың қатарында кино және театр өнерінің майталмандары Тұңғышбай Жаманқұлов,  Алмахан Кенжебекова мен өзге де өнер саңлақтары бар.

ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Құдайберген Насыров колледждегі қызмет атқарған жылдары қазақ балаларының өнерге деген жаны құштар балалардың барлығына бір саялы бәйтеректей болып, солардың жүрегіне жол тауып, солардың өнерді сүюіне мүмкіндік жасап, өзінің өмірден алғанын, жиған-терген тәжірибесін солардың бойына сіңіріп, қаншама талантты шәкірттер тәрбиеледі.

Қазіргі таңға дейін Құдайберген Насыровтың «Сахна келбеті», «Өнер-өмір айнасы» атты әдістемелік-құрал кітаптары өнерге қадам басқан жастардың бағдарлаушысы іспетті. «Қазақ өнерінде өз ізін салып келе жатқан шәкірттерім бар мен бақыттымын», - деп  өнер ұстазы қуанышын жасырмады.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, САБЫР ҚҰЛАТАҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»