РКС: Жалпы, Ақмола облысында 524 көл бар. Соның, 328-і балық шаруашылығына қолайлы деп танылған. Сонымен қатар, өңірдегі үлкен су қоймаларының саны 5-еу. Оларды қоқыстар мен суға тасталған балық аулайтын торлардан тазарту үшін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдері жыл сайын мамыр айында «Таза су қоймалары» акциясын ұйымдастыруды қолға алған. Биылғы акция бастамасы Шағалалы су қоймасына үлкен зиян келтіретін көптеген қалдықтарды шығарумен іске асты .
СНХ: МҰРАТ ШАЛАБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /// Оны жылда жүргізіп тұрамыз. Өйткені, көп балық аулайтындар, су қаймаға келіп демалатындар неше түрлі мусорларын қалдырып, шыныларын қалдырып, согны енді осы табиғатты пайдаланушылардың көмегімен, балықшылардың көмегімен, общество охотников и рыболовов деген бар міне солардың күшімен осы шараны жүргізіп жатырмыз.
РКС: «Таза су қоймалары» акциясын балық инспекциясы мен орман шаруашылығы өкілдері өңірдің барлық су қоймаларында ұйымдастырмақ. Шағалалыдан кейін олар Слеті мен Астана су қоймаларын тазартуды қолға алмақ. Бұл су қоймалары балық шаруашылығына қолайлы болғандықтан жағалауға тасталған қоқыстардан бөлек, балық аулайтын торлардың да су сапасына келтіретін зияны орасан,-дейді жергілікті қорықшы.
СНХ: ШАЙМҰРАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, ҚОРЫҚШЫ: /// Акция нені қамтиды? Бұл біріншіден, аумақты тазарту. Мұнда келіп демалушылар да, балық аулаушылар да өздерінен кейін қоқыстарын қалдырып кетеді. Сондықтан, айына 2 рет біз су айдынының жағалауын тазартып отырамыз. Балықшылар тастаған ауларды жинаймыз.
РКС: Балық аулайтын торлар мына моторлы қайық арқылы жиналады. Яғни, қайыққа торларды іліп алып отыратын арнайы құрылға орналастырылған. Кейін жиналған торларды өртейміз,-дейді акция ұйымдастырушылары. Сондай-ақ, олар балықшылар мен демалушылар үшін су айдынының жағалауында қоқыс тастауға арналған жәшіктерді қойғанын айтуда.
СТЭНДАП: АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, РЕДАКТОР: Мынау балық аулаушылар үшін арнайы қойылған қоқыс жәшігі. Ол су қайманы жағалай әр 500 м сайын орналастырылған. Олардың әр қайсысы айына 2 рет қоқыстан тазартылып тұрады. Балық инспекциясы және орман шаруашылығы өкілдерінің айтуынша, балықшылардың көбісі өз қоқыстарын тастау үшін бұл жәшіктерді мүлдем пайдаланбайтын көрінеді. Сондықтан, олар жергілікті балықшыларды табиғатты аялауда белсенділік танытуға шақырады.
РКС: Су қоймаларын тазарту шаралары нәтижелі аяқталған жағдайда өңірде балық шаруашылығы дами түспек әрі экологиялық ахуал да жақсарары анық. Дегенмен, кез-келген жағалау маңын уақтылы таза ұстау, табиғатты аялап, қорғау баршаның міндеті екенін бүгінгі ұрпақ түсінсе игі.
Айгүл Бекетқызы