РКС: Тарихи-экспозициялық зал екі бөлімнен тұрады. «Жеті қазына – Жеті ырыс» атты алғашқы бөлімінде оқырмандар үшін көптеген арнайы заманауи құрылғылар орнатылған. Мәселен, тач-панель құрылғысы арқылы бір мезетте сегіз адамға дейін өзіне керекті ақпарат ала алады. Аталмыш құрылғыға Тұңғыш Президент-Елбасының барлық мақалалары енгізілген. Ал екінші «Сал-серілер керуені» бөлімі жерлес ақын-жазушылардың өмірінен сыр шертеді.
СНХ: ГҮЛДАНА ЕСМУРЗИНА, ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///«Рухани жаңғыру» залына келіп, көңілім толып тұр. Себебі, осы жерде біздің жастарымызға ұлы дала руханиятымен танысуларына үлкен мүмкіндік бар. Залға тарихи, мәдени кітаптар көп қойылған. Тек оқып қана қоймай, жаңа технологиялар арқылы демалып қайтуға болады. Әдеби шығармалардың жаңа легі, жаңа толқыны, жаңа электрондық нұсқалары бәрін осы залдан табуға болады.
РКС: Тұңғыш Президент-Елбасының білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы біздің өңірде де сәтті жүзеге асып келеді. Шара барысында екі жылда атқарылған ауқымды жобалар мен іс-шараларға да шолу жасалды.
СТЭНД-АП: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РЕДАКТОР /// «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай, ұлы даланың тау-тұлғаларының есімдерін жаңғырту мақсатында «Сал-серілер керуені» бөлімінде көрме жасалған. Бұл көрмеге Көкше топырағынан түлеп ұшқан ақын-жазушылардың суреттері ілініп, құнды еңбектері мен жәдігерлері қойылған. Қала мектептерінің оқушылары кез-келген уақытта көрмені тегін тамашалап, жерлес ақындардың өлең-жырларымен сусындай алады.
СНХ: ЕРДЕН НҰРАХМЕТ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ //// Бұл залды ашудағы басты мақсатымыз – жас ұрпаққа жергілікті жазушылардың шығармашылығын, үлгілі өмірін насихаттау. Ұлы даланың ұлы есімдерін ұрпақ санасына сіңіру болып табылады. Залды тамашалауға келген адамдар Елбасы мақалалары жайында көптеген ақпараттар ала алады. Бұл зал әрдайым ашық болады.
РКС: Оқырман қауымға рухани азық беретін залдың ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен кітапханалардың қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» залына әлі де толықтырулар енгізіледі деп жоспарлануда.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ