РКС: 10 сериядан тұратын фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмнің режиссері – Рүстем Әбдірашев. Ал, фильмнің сценарийін Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов пен Рүстем Әбдірашевтар Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде жазып шыққан. Ал, жобаның авторы – еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, «АҚМОЛА-ТІРШІЛІК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: /// Біз шынын айтқанда өзіміздің тарихымызды білмей келген ұрпақпыз. Өзгелердің тарихын оқып, солардың патшаларының, солардың рыцарьларының тарихын оқып келген ұрпақпыз. Сондықтан да, бүгінгі күні мынандай киноның түсірілуі ол бүгінгі ұрпақ үшін, келер ұрпақ үшін керек. Мынадай тарихы бар, осындай алмағайып жерімізді, елімізді аттың тұяғымен, найзаның ұшымен, батырлардың білегімен алып қалған, бүгінгі тәуелсіз ел құрып отырғанымызға шүкірлішілік, тәубе етуіміз керек. Бұл жолы да біз Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін аса жоғары бағалаймыз. Ол кісінің рөлі қазақ тарихында алтын әріптермен жазылды.
РКС: Тарихи көрсетілімде қазақ елінің жас мемлекет болып нығаюы суреттелген. Фильм барысында Шайбани ұрпақтары мен қазақ хандары арасындағы саяси күрес ашық көрсетілген. Сондай-ақ, Бұрындық, Қасым сұлтандардың мемлекет құрудағы жан-жақты істері де назардан тыс қалмаған.
СНХ: АЙБАР ТАЛАЙЛЫ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТІ: /// Менің ойымша Қазақстан азаматтарының бойында патриоттық сезім оятатын фильм. Керей мен Жәнібек бастаған халқымыздың тарихына көз жүгіртіп өттік. Қанмен тер төккен батыр бабаларымыздың ерлік істері суреттелген. Жалпы жақсы түсірілген, маған қатты ұнады. Болашақта көптеп түсірілсе екен деймін осындай фильмдер.
РКС: Жәнібек пен Керейдің Шайбани ұрпақтарымен шайқасы, Ақ орданың астанасы Сығанақты қайтару барысындағы күресі сынды маңызды оқиғаларға толы фильм жылдам динамикалы әрі экшнға толы. Сондықтан, бүгінгі көзі қарақты көрермен бұл тарихи көрсетілімді қызықтап тамашалары сөзсіз.
Айгүл Бекетқызы