РКС: Бүгіндері баспаналы болуды армандаған әр тұрғын үшін бірқатар бағдарламалық құжаттар механизмі бар. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі - республикадағы осы бағыттағы салымдар механизмін қолдана алатын жалғыз банк. Құрылған күннен бастап банк 6 мыңнан аса ақмолалықтардың баспаналы болуына жағдай жасады.
СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /// Біз биыл құрылыс саласының мамандарымен өзара келісім жасап, меморандумға қол қойдық. Үйдің әр шаршы метрі 148 000 теңгені құрайтын болады. Ал, «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы жаңадан тұрғызылған үйлердің әр шаршы метрі 157 000 мың теңге болады.
РКС:Бүгінде жергілікті бөлімшеде 38 мыңға жуық салымшы баспана алуға қаржыларын жинақтауда. Олардың ішінде несие шарттары «7-20-25» бағдарламасына ұқсас «Өз үйім» жобасының қатысушылары да бар. Қаржы ұйымы директорының айтуынша, жуық арада «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» арқылы да «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуға болады,-дейді.
СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///Біз әзірге «7-20-25» бағдарламасымен толық жұмысты бастаған жоқпыз. Бұл сұрақ әлі келіссөздер сатысында тұр. Құқықтық мәселелер шешіліп жатыр. Ал,бағдарламаның өзі «Өз үйім» жобасымен қатты ұқсас. Болашақта «7-20-25» бағдарламасымен толық айналысатын боламыз.Оған тұрғындардың да қызығушылығы артып отыр.
РКС: Айта кетейік, егер құрылыс қарқынды жүрсе, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Ал,бұл жас мамандарды қуантпай қоймайтыны анық.
СНХ: БЕЙБІТ ШӘРІПОВ, №1 КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ//
РКС: Бағдарламаға қатысу үшін «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болуыңыз керек. Ал,бастапқы жарна 20% құрауы шарт. Ал,бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ салмай, жеке үйдің иесі болуына көмектесері анық.
МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, САМАЛ ЖҮСІПОВА