Кез-келген елдің экономикасы шарықтауы үшін ғылым мен техниканың дамуы аса маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы 5 институционалды реформа мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарында да айтып, білім және ғылым саласын дамытуда айқын міндеттер белгілеген. Республика көлемінде осы бағытта жыл сайын өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің байқауы өтіп, жылдан- жылға мемлекетімізде жас дарындардың тізімі артуда. Соның бір көрсеткіші-«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық байқауы.
Бүгінде еліміздегі өнертапқыштықты насихаттау және қолдауға бағытталған «Шапағат» байқауы облыста ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастау алған. Айта кету керек, бұл байқау республикада осымен 13 рет өткізіліп отыр. Яғни, ол 2004 жылы бекітілген.
ТАТЬЯНА ТЕРЕЩЕНКО, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Байқау 4 номинация бойынша өтеді. Олар: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Ең жас өнертапқыш» пен «Жас дарын». Айта кететін жәйт, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өнертапқыштары 2012 жылы осы байқауға қатысып, «Үздік өнертапқыш» номинациясын жеңіп алған болатын. Міне, бүгін де біз осы оқу орнына келіп жас өнерпаздармен биылғы байқау жайында сөйлесуге келдік.
Бүгінгі күні өнерпаздар өздерінің ғылыми жұмыстарын енгізбес бұрын оны қорғайтын құжатты алуы тиіс. Яғни, оны патент немесе авторлық куәлігі алу арқылы іске асырмақ. Қазіргі уақытта, патенттің бірнеше түрін алуға болады. Ол өнертапқыштыққа, пайдалы үлгіге және селекциялық жетістіктерге патент беріледі.
ИЛЬДАР БОГАПОВ, КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Күн сайын көптеген азаматтар патентті, авторлық куәлікті қалай алуға болатынымен қызығып келіп сұрап жатады. Өткені ғылым бір орында тұрмайды. Ол ылғи алға жылжу үстінде. Бізде ол үшінде база жеткілікті. Әрқайсысына гранттар бөлінуде, ғылым қаржыландырылуда. Осының нәтижесінде, біздің ғалымдар ойлап тапқан қандай да бір өнертабыстарын, не болмаса технологияларын тіркеуге ниеттерні білдіріп жатады.
Тағы бір айтары, ғылымға тыңнан із салуға талпынып, тынбай биікке өрлеген Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті өткен жылы өнертабыстары мен технологияларына 5 патенттің иегері атанған көрінеді және тағы 10 өтініш еліміздің ұлттық зияткерлік меншік институтында қарауда тұр, - дейді патенттік ұйымның мамандар. Осы инновация мен өнеркәсіпті дамытуда ынталандырғыш үлгісі саналатын патентпен жерлес жас ғалымдар «Шапағат» байқауы номинанттары атанып, өнертабыстары өндіріске еніп жатса нұр үстіне нұр әрине.
Авторы: Айгүл Мырзағұл
Операторы: Бауыржан Смағұл