РКС: Рухани жаңғыру алдымен туған жерге, оның тарихына, өз халқыңның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсетуден басталады. Түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның әр түкпірінде, тауы мен қырында көптеген елеулі оқиғалар орын алды. Сол уақыттарда батыр бабаларымыз Отан үшін жан аямай күресті, халқына қорған бола білді. Енді олардың барлығын жас ұрпақ біліп өсуі тиіс.
СНХ: АМАНГЕЛДІ ЖАНТАСОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ// Рухани жаңғыру дегеннің өзі – рух деген сөзден басталады. Бұл өзіміздің тарихымызға терең бойлау, рухымызды жаңғырту дегенді білдіреді. Осы орайда, Елбасымыз аталған бастаманы уақытылы ұсынып отыр деп есептеймін. Қазір біздің еліміз саяси-экономикалық бағытта көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Енді рухани жаңғыратын кезең келді.
РКС: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде өткен жылы Ақмола облысында 60-тан астам іс-шара өткізілген. Одан бөлек, 50-ге тарта кіші жоба жүзеге асырылған. Алдағы уақытта тағы да бірқатар шаралар кешені жоспарлануда. Атап айтқанда, мектеп оқушылары үшін «Өлкетану» оқулығының жобасы әзірленбек. Мұндай жобалар өңірдің зерттелмей жатқан тарихи сырларын ашуға мүмкіндік береді.
СНХ: АМАНЖОЛ ЕСМАҒҰЛОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бүгінгі Қазақстанның жаңа бағытта дамуын көздейді. Бұл, әсіресе, еліміздің жастары үшін аса маңызды. Тарихымызды, мәдениетімізді терең тануға мүмкіндік береді. Осы мақсатта көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Одан бөлек, тарихи тұлғаларымызды танытуға да аса көңіл бөлінуде. Бұл қуантарлық жағдай.
РКС: Қазіргідей әлемнің жылдам дамып бара жатқан кезеңінде ұлттық құндылығымызды сақтай отырып, дамудың жаңа сатысына қадам басу керек. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтай білуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, қандай дәуір болса да, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгіге қалуы тиіс. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі өзегі – осыда.
Нұргүл Нұрбайқызы