РКС: «Қауіпсіз жол» акциясы барысында ақмолалық тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын-алудың басым бағыттары бойынша жұмыстар жүргізді. Жедел алдын-алу шарасы барысында олар мас күйінде көлікті тізгіндеу, жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін кесіп өтпеу, қауіпсіздік белдігі, жолда ұялы телефонды қолдану, мемлекеттік техникалық тексерістен өтуге қатысты жан-жақты түсініктер берді. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты шаралар да қарастырылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта көлік ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп жалғастырылатын болады.
СНХ: ДАМИР АМАНГЕЛДІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ СЕРЖАНТЫ// Ақмола облысының төңірегінде республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді. Бұл шараның негізгі көздегені жалпы көлік жүргізушілерін, сонымен қатар жаяу жүргіншілерді де жол ережелерін сақтауға шақыру. Кез-келген адам жолда абай болуы шарт.
РКС: Екі күндік рейд қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары 1471 жол ережесінің бұзылғандығын анықтады. Бұл аймақтағы жазатайым оқиғалардың алдын-алуға септіәгін тигізері анық. Олардың арасында мас күйінде көлікке отырған 47 жүргізуші және құжаты жоқ 42 азамат тоқтатылып, 13 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. Тағы да 336 тұлға жылдамдықты асырса, 1 жүргізуші жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Сонымен қатар қауіпсіздік белдіктерін тақпаған, жаяу жүргіншілер жолында ережеге сәйкес өтпегендердің де бірқатары құрықталды. 133 көлік жүргізушісі ұялы телефонды пайдаланғаны үшін айыпқа тартылса, 25 жүргізуші көлігін техникалық байқаудан өткізбеген. Бұл дегеніңіз өте өрескел қателік. Жаяу жүргіншілердің де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны шара барыснда анқтал, тиісті жауапқа тартылды. Облыстық жергілікті полиция қызметінің мамандары «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жүргізіліп отыр.
БАЙБОЛАТ ЕРХАНАТ