Мектеп формасы – білім ордасының айнасы. Мектеп формаларын тігетін мына бір кәсіпорынның жұмысы қызу жүріп жатыр. Киім сапалы болғандықтан, мектеп формаларына сұраныс жоғары. Бағасыда қол жетімді. Мектеп киімі табиғи материалдан тігілуі керек. Оның түсі алқызыл немесе қырмызы емес, ақ, қара, сұр, көк болса құп. Білім саласындағы мамандардың айтуынша, міндетті түрде бірізділікті мектеп формасы болуы талап етіледі. Өйткені, оның беретін тәрбиелік мәні зор. Балалардың бір-бірімен тең болуына, өзін оқушы сезінуіне, тиянақтылыққа, жауапкершілік қасиеттерге баулиды.
Мектеп формасының тағы бір ұтымды тұсы – оның қолжетімділігінде. Сіз оларды тігін цехтарынан немесе сауда дүкендерінен ала аласыз. Бағасы 4 мың теңгеден басталады. Әр баланың киім өлшеміне байланысты бағасы да өзгереді. Жалпы, бір баланы мектепке киіндіріп, сапалы заттар алу үшін орташа есеппен 40 мың теңгедей қаражат керек. Айта кететіні, аз қамтылған отбасыларға үкімет тарапынан «Мектепке жол» акциясы арқылы жеңілдіктер қарастырылған.
Тәртіпке бағынған құл болмайды.Білім алушының бірдей үлгідегі киім үлгісінде жинақы болып жүргендігі, ең алдымен жан сүйсінтсе, екіншіден, санаттық санадан арылуға оң әсер етпек.
М.Болатұлы