Қылқалам шебері Эльвира Несмеянованың  әр туындысы сөйлеп тұрғандай. Суреттерінен әйелге тән әдемілік пен нәзіктікті, сұлулыққа деген құштарлықты байқауға болады. Бұл өнерге оны анасы баулыған. Көрмеге қойылған туындылары ескі нақыштағы жапондық көркемөнер техникасымен жібек матаға салынған.

Көрмеге отызға жуық сурет қойылған. Эльвира Несмеянова шығармашылықпен айналысуды зейнетке шыққаннан кейін,  1996 жылдан бастады.  Бұған дейін де өз туындыларын қала жұртшылығына ұсынып келген болатын.

Шара барысында мұражай директоры Нұрбек Нұралин қылқалам шеберіне алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін жеткізді. Жалпы бұл жерде осы сипаттағы көрмелер жиі өткізіліп тұрады.

Қарт суретшінің көзбен көріп, қолымен ұстаған дүниелерін қылқаламмен айшықтай білген әдемі туындыларына арналған көрме екі аптаға дейін жалғасады.

Айгүл Мырзағалиқызы