Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы облыстық орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының аясында орыс және казак әндерінің ІІ республикалық фестивалін өткізді. Фестиваль мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығы мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған фестивальдің ерекшелігі – концерттен түскен ақшаның барлығы Көкшетауда салынып жатқан православ шіркеуінің құрылысын аяқтауға жұмсалмақ.
Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бүгінде бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқаны мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасы. Мұндай фестивальдердің де көздегені – этносаралық қатынастарды нығайту.
Фестивальге республиканың 6 өңірінен келген шығармашылық ұжымдар мен әншілер қатысты. Концерттік бағдарламада казак, орыс халқының танымал шығармалары мен халық әндері орындалды. Ән мен биді қатар меңгерген өнерлі ұжымдардың сахналық образдары да ерекше көзге түсті.
Әйгерім Бекмағамбетова, Павел Соловьев