Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асуына атсалысу мақсатында облыстық әдебиет және өнер мұражайы  Көкшетаудағы балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдері мен оқушылары туындыларынан жинақталған «Туған жер-алтын бесігім» атты көрме ұйымдастырды. Жас суретшілердің туған жер мен өскен өлке тақырыбын арқау еткен туындылары облыс орталығы жұршылығының назарына ұсынылды. Өңір мәдениетінің көркеюіне үлес қосып отырған білім ордасы оқушыларының еңбегі көпшіліктің көңілінен шығуда. Бүгінгі  күнде балалар көркемсурет мектебінде жоғары санаттағы 14 ұстаз білім береді. Олардың 5-еуі Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Білім ошағында 400 бала шығармашылықпен айналысады. Мектеп түлектері Темірбек Жүргенов  және «Шабыт» өнер академиясында, Ресей, Украина, Америка, Чехия, Канада, Англия мен Италияның бірқатар жоғарғы оқу орындарында шығармашылықтарын шыңдауда. Балалар көркемсурет мектебінің мақсаты шәкірттерді шығармашылыққа баулып, олардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Қылқаламның болашақ шеберлері кәсіби білімнің алғашқы сатысы болып табылатын инклюзивтік білім алуда.  

Әбсадық Ботагөз, Павел Соловьев