Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры өңірдегі іргелі өнер ордасы. Театр 20 жылдан астам қоғам руханиятына қызмет етіп келеді. Мәдениет меккемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен  облыс басшысы арнайы танысты. Толығырақ тілші тарқатады. Облыс басшысы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жұмысымен танысып, «Отбасылық құпия» комедиясын тамашалады. Бұл өзбек драматургі Иззат Сұлтановтың туындысы. Күлдіре отырып, ойға шомылдыратын комедияның өзегі - ене мен келін арасындағы тартыс.

Комедия көрермен көңіліне жол таба білді. Театр әртістері бұл қойылымды бір жарым ай бойы дайындаған. Өзбек ұлттық нақыштарын сақтай отырып, жас отбасыларға тәлім беру басты міндет болды, -дейді театр ұжымы. Қойылым соңында облыс басшысы ұжымға алғыс білдіріп, театрдың тың бастамаларына қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Ауғанбек Манарбекұлы, Арман Балбергенов