Белгілі тарихшы Қадыржан Әбуевтің «Абылай замандастары және ұрпақтары», «Шокан Уалиханов и его современники» сондай-ақ, «Сибирское ханство в контексте казахско-русских отношений» атты 3 бірдей кітабы жарық көрді. Автор бұл туындыларына қазақ тарихында зерделене қоймаған тұстарды енгізіпті.

Қадыржан Қабиденұлы қазақтың шоқ жұлдызын 20 жылдан бері зерттеп келеді. Сол Шоқан арқылы Абылайға өттім дейді. Тұсауы кесілген «Шокан Уалиханов и его современники» атты кітабы қазір қазақ тіліне аударылып жатыр. Жалпы, осы кезге дейін 2 сөздік, 9 монография сынды 250 еңбектің авторы болған Қадыржан Әбуев алдағы уақытта Ақмола облысының тарихына қалам тербесем деп жүр.

Қорғанбек Қонысбайұлы, Дархан Сағын