Өрт қауіпсіздігінің алдын алуда балалардың тиісті ақпаратпен қамтылуы маңызды. Бұл бағытта төтенше жағдайлар жөніндегі мекеменің қызметкерлері тың бастама қолға алып отыр. Құтқарушылар балаларға арналған пьеса әзірлеп, сурет байқауын жариялаған. Толығырақ әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы жалғастырады.
Облыстық байқауға келіп түскен суреттер әралуан. Бала қиялының ұшқырлығы таң қалдырады. Бірақ бәрінің айтар ойы бір, өрт –тілсіз жау. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері балғын суретшілерді марапаттап, оқушыларды танымды ертегі тамашалауға шақырды. Қойылым орыс драма театрының ұжымымен әзірленген. Автордың айтуынша, бұл балаларға сақтық шараларын қызықты етіп түсіндірудің ұтымды жолы.
Балғын көрермендер ертегіні қызыға тамашалады. Оқушылар сіріңке қорабымен ойнаудың қаншалықты қауіпті екеніне көз жеткізіп, сақтық шараларын меңгерді. Театр қызметкерлері мен өрт сөнгдірушілердің көздегені де осы.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері алдағы уақытта бұл қойылыммен өңірдің барлық аудандарын аралауды көздеп отыр.
Ауғанбек Манарбекұлы, Дархан Сағын.