Ақмола облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Ақмола - жырымның арқауы» атты ақындар айтысының бірінші айналымы аяқталды. Бұл жолғы шарада соңғы екі жұп сайысқа түсті.
Жастар айтысы ЭКСПО көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр. Ақындар аламанында алдын-ала іріктелген 8 өнерпаз бақ сынады. Басты мақсат жастардың жалынды жыр, сындарлы ой айтып, топ алдында төселуі, - дейді ұйымдастырушылар.
Бұл жолғы айтыстың құрылымы да өзгеше. Ақындар Түре айтыс, тосын тапсырма мен қайым айтыста бақ сынады. Жас дарындарды әділ бағалаудың ұтымды жолы да ойластырылған. Жеңімпазды қазылар алқасы ғана анықтамайды. Сонымен қатар, көрермендер дауысы мен айтыс барысында әлеуметтік желідегі бағалау да есепке алынады.
Бірінші айналым қорытындысы бойынша Нұрболат Серікұлы, Қуаныш Оспан, Нұрислам Әбділ мен Ерлан Дәулет жеңімпаз атанды. Олар наурыз айында өтетін келесі кезеңде өнер көрсетеді.
Ауғанбек Манарбекұлы, Дархан Сағын