ДИКТОР: Көкшетаудағы орталық үлгілі кітапханада жазушы, журналист және қоғам қайраткері Жанайдар Мусинге арналған оқу залы салтанатты түрде ашылды. Мұнда жазушының шығармашылығы мен еңбектері жас оқырмандардың назарына ұсынылған. Тілші баяндайды.

РКС: Биыл журналист, жазушы Жанайдар Мусиннің туғанына - 90 жыл. Айтулы датаға орай облыс орталығында оның есімімен оқу залы ашылды. Зеренді ауданының тумасы өмірінің ширек ғасырын баспасөзге арнаған. Осылайша, ол танымал сөз шебері атанды. Қаламгердің қаламынан шыққан «Үміт», «Ақ алаң» және «Туған үйдің түтіні» шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті мен журналистикасының маңызды бөлігіне айналып отыр.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жанайдар Мусин атандағы оқу залын ашуға оның достарынан ұсыныс түсті. Біздің жоспарлы түрде ол кісінің шығармашылығы туралы жоспарлармыз бар еді. Ол көмектесті. Жанайдар Мусиннің өзінің жеке архивінен материалдар әкелінді. Соның арқасында осындай әдемі зал пайда болды.

РКС: Жанайдар Мусиннің шығармалары жас оқырмандар арасында танымал. Жастар жазушының туындыларында қарастырылған тақырыптардың өзектілігіне тоқталды.

СНХ: АРАЙЛЫМ АЛТЫНБЕК, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жанайдар Мусиннің шығармасына келіп тұр едім. Бұл ерекше сәт деп ойлаймын. Мысалы, "Туған үйдің түтіні" романнын мен қазір оқып жатырмын. Мен үшін бұл роман өте ерекше. Басқа кітаптарға қарағанда өзгеше. Яғни, барлық жастарға берер кеңесім, осы Жанайдар Мусиннің кітаптар оқу керек.

РКС: Жиынға белгілі мәдениет қайраткерлері мен қоғам өкілдері де қатысты. Құрметті қонақтарының қатарында Жанайдар Мусиннің ұлы мен бауыры болды. Олар осынша естелікті көздің қарашығындай күні бүгінге дейін сақтап келген жандарға алғыстарын білдіріп, мұраға деген мұндай көзқарас ел тарихына және рухани құндылықтарына құрмет көрсетудің үлгісі екенін атап өтті.

СНХ: МҰХТАР МУСИН, ЖАНАЙДАР МУСИННІҢ ҰЛЫ: Бүгін әкемнің көзін көргендер мен сыйлы адамдар жиналыпты. Бірге етене жұмыс істеп, өмір жолын бірге өткен. Осындай оқу залының ашылғанына қуаныштымын. Алғысым шексіз! Бұл естен кетпес маңызды сәт.

РКС: Жанайдар Мусин атындағы оқу залы мәдени және білім беру іс-шараларының орталығына айналмақ. Әдеби мұраларды насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ