ДИКТОР: Ақмола облысындағы жол саласындағы өзекті мәселенің бірі кадр тапшылығы. Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары көлемі артқан сайын білікті мамандардың тапшылығы қатты сезілуде. Бұл мәселе алдағы уақытта қалай шешілмек? Тілші баяндасын.

РКС: Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Ақмола облыстық филиалы автомобиль жолдарының құрылысы мен оның жай-күйіне бақылау жасайды. Мамандар жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасайды. Бұдан бөлек, филиал мамандары жолдардың диагностикасын, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жаңа технологияларды енгізіп, жол активтерін басқарады. Десе де, жол құрылысы мен жөндеу көлемінің артуына байланысты аталған сала білікті кадрларға зәру болып отыр.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАЙРАТХАН, ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Білікті әрі дайын мамандарға зәруміз. Жолда жұмыс істейтін шеберлер, инженер-құрылысшылар, инженер-сметашы, зертханашы, асфальт-бетон төсеушілер, арнайы көлікт жүргізушілері жетіспейді.

РКС: Кадрлық тапшылықты шешу мақсатында орталық мектептер мен оқу орындарында кәсіби бағдар беру жобаларын жүзеге асыруда. «2000 мектеп» акциясы аясында мамандар оқушылармен кездесіп, жол саласы мамандарының жұмысы, кәсіптің басымдықтары мен болашағы туралы мәлімет береді. Бұдан бөлек бейінді оқу орындарымен ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Колледждерге заманауи құрал-жабдықтар мен виртуалды құрылғылар беріледі. Жастармен осындай жүйелі жұмыс қана саланы кадрлармен толықтыруға және аймақтағы жолдардың сапасын арттыруға болады,-дейді орталық басшылығы.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ