ДИКТОР: «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында облыстық прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Құқықтық дәріхана» атты ауқымды акция ұйымдастырды. Аталған шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң клиникасы базасында өткізілді.

РКС: Акция Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттерге арналды. Шара шетел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, қолданыстағы заңнамалық нормаларды кеңінен түсіндіру арқылы олардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған.

СНХ: НҰРСҰЛТАН АЛДАШЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қатысушыларға әлеуметтік-тұрғын үй, білім саласында қылмыстық және әкімшілік заңнама салалары бойынша түсіндірулер берілді. Өткізілген акция студенттер тарапынан оң бағаланып, сондай-ақ осындай іс-шараларды алдыңғы уақытта да жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.

РКС: Аталған акцияға 100-ден астам студент қатысып, білікті мамандардан тегін заң көмегін алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың басым бөлігі виза мәселелері, құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ жоғалған құжаттарды қалпына келтіру тәрізді сұрақтар бойынша жүгінді.

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Шетелдік студенттерге өзіміздің заң көмегімізді көрсеттік. Олар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды деген сенімдемін. Осындай «заң мен тәртіп» концепциясы аясында көптеген заң көмегін көрсетіп отырамыз. Оның бір себебін айтсам, бізде құқық кафедрасында заң клиникасы деген ұйым бар. Сол жерге студенттер келіп сұрақтарына жауап ала алады. Шетелдік студенттер құқықтық сауаттылығын арттыруға, өздерінің құқықтарын қорғауға ештеен кедергі келтірмейді. Себебі біздің заң бәріне ортақ. Шетел азаматтарының құқығын таптауға біздің ешқандай қақымыз жоқ.

СНХ: RAFAY HAMID, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің атым Рафей Хамид. Мен Булла Шах қорының грант иегерімін. Осы іс-шараны ұйымдастырған құрметті басшылыққа шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, біздің мәселелерімізге түсіністікпен қарап, визаға қатысты және басқа да қиындықтарды шешуге белсенді қолдау көрсеткені үшін университет әкімшілігіне ризашылығымды айтамын. Көрсеткен қолдауларыңыз бен еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз.

РКС: Қазақстан Республикасының заңы бәріне ортақ. Ел аумағында жүрген шетел азаматтары да өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға толық құқылы. Бұл бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі әрі тұрақты құқықтық қолдау көрсетіледі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ