ДИКТОР: Ақмола облысында тағы бір Еңбек Ассамблеясы пайда болды. Бұл ұйым Көкшетаудағы "Гормолзавод" серіктестігінде салтанатты түрде ашылды. Мұндай шаралардың арқасында жалпыұлттық бірлік нығаюда. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: "Гормолзавод" мекемесінде 15 этностың 300-ден астам өкілі еңбек етеді. Кәсіпорын ұлттар арасындағы құрмет пен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беріп отыр.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: "Гормолзавод" мекемесімен талай-талай жұмыстар атқарамыз. Түрлі іс-шараларды жүзеге асырамыз және ең бастысы ірі өнеркәсіптерге қазіргі елде болып жатқан саяси жаңалықтарды жеткізу, дұрыс бағытта, дұрыс сараптама беру.

СНХ: ЕРСАЙЫН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, "ГОРМОЛЗАВОД" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің қызметкерлеріміздің басым бөлігі өзге ұлт өкілдері. Құндылықтарды сақтауға ерекше мән береміз. Соның арқасында компания ішінде ұжымдық рух мықты сақталған.

РКС: Сонымен қатар, жиын барысында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы қарапайым жұмысшыларға таныстырылды. Онда мемлекеттік тілдің ролін күшейту және құқықтық негіздерді бекіту мәселелері жан-жақты көтерілді.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Конституция – біздің басты бағытымыз және маңызды құжатымыз. Бізге дұрыс бағыт сілтейді. Әркім оның ережелерін білуі және құрметтеуі тиіс. Біз бұған дейін де қарапайым халыққа Конституцияның баптарын түсіндіріп жүрдік. Енді жаңа түзетулерді ескере отыра түсіндірме жұмыстары әрі қарай да жалғасады. Жаңа Конституция жобасында 77 бап өзгерді. Бұл шамамен 84 процент. Жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтарына басымдылық берілуде.

РКС: Өңірде 20-дан астам этномәдени бірлестік бар. Еліміздің зор байлығы - ұлттар арасындағы бірлік пен бейбітшілік. Сондықтан да, бірқатар кәсіпорында Еңбек Ассамблеясы құрылып, ұлттар арасындағы бірлік одан әрі нығая түсуде.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ