ДИКТОР: Көшбасшылардың қысқы мектебі - Бурабай ауданында жас көшбасшыларды бір алаңға тоғыстырды. Шара «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылды. «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында өткен кездесу «Мен – елімнің ертеңімін» атты ұранмен өтті. Айта кету керек, биылғы слёт Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналды.

РКС: Қысқы мектеп жұмысына аға тәлімгерлер, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары мен президенттері, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының белсенді жастары қатысты. Слёт аясында Бурабай ауданының жас басқарушылары көшбасшылық қабілеттерін дамытып, тың біліммен толықты. Қатысушылар жасанды интеллекттің негізгі бағыттарымен танысып, мобильді түсірілімнің қыр-сырын меңгерді.

СНХ: МАРАТ НҰРӘЛІ, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ:

РКС: «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының психологы қатысушыларға командалық жұмысты дамытуға арналған тренинг өткізді. Мамандар көшбасшылық, шығармашылық бастама және дербестік – болашақта жастардың тек мектеп қабырғасында емес, қоғамдық өмірде де белсенді болып, ел дамуына үлес қосатын жауапты тұлға болып қалыптасуына негіз болады,-дейді.

СНХ: СНХ: САМАЛ ШАЙКЕНОВА, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар - аудандық білім бөлімі мен «Арман» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық орталығы. Бұл іс-шара жыл сайын өтеді. Оған барлық аудан мектептердің дарынды, көшбасшы, Президенттер келіп қатысады. Олар бүгінгі күні Қазақстан Республикасының цифрлық және жасанды интеллект жылы аясында өздерінің сынып шеберліктермен бөлісіп жатыр. Осындай ауқымды мерекені ұйымдастыруға бізге көмек көрсетіп жатқан Балдаурен орталығының әкімшілігін, оқушыларын, барлық әріптестерімізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

РКС: Көшбасшылардың аудандық қысқы мектебінің қорытындысы бойынша қатысушылар мен шеберлік сабақтарын өткізген педагогтар Бурабай ауданы білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Ал оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ