ДИКТОР: Ақпанның бірінші бейсенбісі бүкіл әлемде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Аймақта осы маңызды күнге орай мемлекеттік қызметшілер мен жас сайлаушылар клубы мүшелерінің қатысуымен арнайы тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Конституциялық өзгерістер кезеңінде азаматтардың сайлау жүйесіне деген сенімі ерекше мәнге ие. Тілшіміз жалғастырады.

РКС: 2005 жылы Будапеште өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпыға бірдей конференциясында Дүниежүзілік сайлау күні бекітілді. Еуропа елдерінде сайлауды ұйымдастырушылары қауымдастығының бастамасымен жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтеді. Оның басты мақсаты - азаматтардың сайлау құқықтарын қорғаудың маңыздылығын еске салу және электоралды жүйені үздіксіз жетілдіру қажеттілігін көрсету. Бүгінде конституциялық реформалар жағдайында сайлаудың ашықтығы, заңдылығы және оған деген сенім мәселелері ерекше маңызға ие.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Орталық сайлау комиссиясының негізгі принциптері заңның үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік, кәсібилік. Және электроалды принцип идеологиясының ең маңыздысы сенімнің негізі. Бастысы сайлаушылардың бізге деген сенімі.

РКС: Биыл аталған шараға алғаш рет басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты. Ашық диалог форматында олар сайлау институтына азаматтардың сенімділігін қалыптастырудағы электоралды принциптердің ролін талқылады.

СНХ: ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Қайта даярлау курсының біз сияқты тыңдаушылары үшін облыстық сайлау науқанының диалогтық алаңы ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап ретінде өтті. Мұндай шаралар азаматтық белсенділікті арттырады, сонымен бірге азаматтардың сайлау жүйесіне сенім деңгейін жоғарылатады деп ойлаймын.

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мұндай шараларға жастарды тарту менің ойымша жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сауақ құқығына деген өздерінің үлесін қосуға деген мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Және де мұндай шаралардың көп болуы, менің ойымша, жауап айтқанда тек қана мемлекеттік қызметкерлер мен жастар жауашар ғана емес, барлық азаматтарға, осы қазақстан еліне, қазақ халқына деген оларды құқықтық сауаттылықты арттыруға және де олардың бір білімділік деңгейін арттыруға деген мүмкіндіктердің бірі деп есептеймін.

РКС: Конституциядағы концептуалды өзгерістер мемлекеттiң адамға бағытталған құндылықтарын нығайтуға, қоғамның заманауи талаптары мен құндылықтарын көрсетуге, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Дәл осы қағидалар бүгінде Қазақстандағы әділ, ашық және сенімді сайлаулардың негізі ретінде қарастырылады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ