ДИКТОР: Сандықтау ауданында қысқы спорт түрлері жақсы дамыған. Әсіресе шаңғы мен биатлон спорты айтарлықтай нәтиже беруде. Шаңғы роллер трассасы күрделі жөндеуден өтіп, спортшылардың алаңсыз жаттығуына

РКС: Балкашино ауылындағы шаңғы роллер трассасы толық жөндеуден өтіп, аудан спорт сүйерлерінің тұрақты келіп, жаттығатын орнына айналған. Мұнта тек оқушылар ғана емес, егде жастағы аудан тұрғындары да жиі келеді. Олардың бірі Биатлоннан Кеңес Одағының спорт шебері, өзі де 6 спорт шеберін дайындаған – Сергей Гончаров.

СНХ: СЕРГЕЙ ГОНЧАРОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ: Мен зейнетке шыққанмен спортпен қоштасқам жоқ. Күн сайын таңертең серуенге шығамын, жаттығу жасап, шаңғы тебемін. Орман үйге жақын, онда табиғат өте әсем, еліктер, қояндар жүгіріп жүреді. Бос уақытымды отбасыма, немерелеріме арнаймын. Бірақ спорт өмірімнің бөлігі болып қала береді.

РКС: Сандықтау ауданында қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновтың құрметіне жыл сайын наурыздың соңы мен сәуір айының басында «Ақ марафон» атты шаңғы жарысы өтеді.

СНХ: ИВАН СПИРИДОНИДИ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Шаңғы жарысы мен биатлон біздің ауданда спорттың басым түрлері болып саналады. Бұл табиғи ерекшеліктерге де байланысты, өңірде қар ерте түсіп, кеш ериді, бұл спортшыларды даярлауға тамаша мүмкіндік деп білемін. Шаңғы роллер трассасы толығымен жаңғыртылып, заманауи шамдар қойылды. Бұрын бір жарым шақырым жолда ғана жарық болса, енді екі жарым шақырым трасса яғни шеңбер бойы жап жарық. Қазір қараңғы ерте түседі, кешкі сағат бестен бастап жарықты қосамыз, қолайлы және қауіпсіз жағдайда біз жаттығу процесін жалғастырып, барлық бапкерлік міндеттерді орындаймыз.

РКС: Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Өңір тұрғындары жергілікті спортшыларға тек сәттілік тілейді.

СНХ: ТАТЬЯНА СТОЯНОВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ Қазақ елінен олимпиадаға аттанған спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз, әр спортшы жеңіске лайықты, алға Қазақстан!

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ