ДИКТОР: Ақмола облысының қайтыс болған тұрғыны донор атанып, 2 адамға өмір сыйлады. Дәрігерлер оның органына арнайы зерттеу жүргізіп, миының өлімін растады. Одан соң облыстық көпбейінді ауруханасында операция жасалды.

РКС: Облыста соңғы үш жылда осымен үшінші адам қайтыс болғаннан кейінгі донор атанып отыр. Биыл өмірден озған әйелдің жақындары басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін дәл осындай маңызды әрі күрделі операция жасауға келісім берді.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ми аневризмасы және басқа қан құйылу диагнозымен жан сақтау бөліміне аса ауыр жағдайда түскен науқас ұзақ уақыт комада жатты. Жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, заңнамаға сәйкес ми өлімі тіркелді. Алдын ала жүргізілген әңгімеден кейін науқастың қызы ағзаларын алуға келісім берді.

РКС: Әлеуетті донорды анықтаудың алдында мамандар зертханалық және аспаптық зерттеу жүргізеді. Донордың жасы, жан сақтау бөліміне келу мерзімі мен өзге де факторлар ескеріледі. Соған сәйкес трансплантация үшін жарамды деп танылған органы ғана алынады. Дәл осындай жағдайда бүйрек сәтті алынды.

СНХ: МЭЛС АСЫҚБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОРГАНДАРДЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Донорлық жоғарғы кеңейтілген критерийлері бойынша тек қана бүйрек аламыз деп шештік. Қазіргі таңда туысқандары ағза алуға рұқсат беріп, екі бүйрек. Бүйректер Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығына барады, сол орталықта, яғни трансплантация үйлестіру орталығының мису бағдарламасы бойынша мұқтаж пациенттерді автоматты түрде таңдайды

СНХ: ЛӘЗЗАТ ӘШІМОВА, ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ: Органдарды алып, одан әрі трансплантация жасауға рұқсат берген туыстарына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл өте жауапты қадам. Бұған дейін әлеуетті 6 донор келісім бермеген еді. Қазақстандықтарды қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты шешім қабылдауда мейлінше адал болуға шақырар едім. Өйткені еліміз бойынша 600-ге жуық бала трансплантацияға мұқтаж.

РКС: 130-ға жуық ақмолалық органдар трансплантациясын күтіп отыр. Олардың көпшілігіне бүйрек пен бауырын ауыстыру қажет. Енді бірі жаңа жүрекпен тыныстасам дейді. Еліміз бойынша 4,5 мың азаматтың органға мұқтаж. Бір донор 7 азаматтың өмірін құтқарып қалуы мүмкін. Миының немесе өзге органдарының, тінінің қайтымсыз өлімі туралы мәлімделген кәмелетке жасы толған азамат қайтыс болғаннан кейінгі донор бола алады. Донорлыққа ерік білдіру үшін келісім беру немесе бас тарту туралы өтінішті емхананың тіркеу бөлімінде немесе eGov.kz арқылы жасауға болады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ